Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Тәуелсіздікті дәріптейтін әдеби-тарихи ке...

Алматыда Тәуелсіздікті дәріптейтін әдеби-тарихи кеш өтті

Барлығы 12.12.2025, 09:44 487
Алматыда Тәуелсіздікті дәріптейтін әдеби-тарихи кеш өтті
Сурет: Қайрат Қонысбаев

Бүгінде Алматының білім ордаларында Желтоқсан оқиғасы мен Тәуелсіздік күні мерекесінің мән-мағынасы туралы кештер, кездесулер өтіп жатыр. Себебі, еңсесі биік егемен елімізде алаңсыз өмір сүріп жатқан жас ұрпақ тәуелсіздік ұғымын терең ұғынуы тиіс.

Сондай басқосулардың бірі Наурызбай ауданындағы Рахым Сәрсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектепте көрініс тапты. «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» деп айдар тағылған әдеби-тарихи кешке мұрындық болған «Желтоқсан» қозғалысының ардагерлері мен оларға қолдау көрсеткен ауданның «Әжелер алқасы».

Кештің бағдарламасы өте бай болды. Мектептің жеткіншектері патриоттық тақырыптағы әндерін шырқап, тебіреніп өлең де оқыды. Оқушылардың мектеп өмірі мен Абай Құнанбайұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев сынды тұлғалардың тарихи бейнелерін байланыстырып дайындаған «Тәуелсіздік – ерекше сый» атты театрландырылған қойылымы да әсерлі шықты. «Жас сарбаз» мектеп клубы «Ару сарбаздар» патриоттық әнін шырқады. Наурызбай ауданының Желтоқсан ардагерлерінен  құрылған хор «Желтоқсан гимнін» орындады. Мектеп мұғалімдерінен құралған трио да ортаға шығып, «Ұмытпа, қазақ!» әнін салды. Жасанды интеллекттің көмегімен Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері туралы дайындалған бейнеролик те оған үңілген әр жеткіншектің жүрегіне патриоттық сезім дәнін сепкені анық.

Әдеби-тарихи кештің мейманы – журналист-публицист, аудармашы, баспагер, Желтоқсан тақырыбын терең зерттеген қаламгер Талғат Айтбайұлы жанып тұрған балаларға ризашылығын білдіріп, осындай ұрпақ тұрғанда, ертеңімізге алаңдауға негіз жоқ деген лебізін жеткізді.

Тақырыпқа орай айта кетсек, Талғат Айтбайұлы – «Желтоқсан» топтамасының құрастырушысы. Алғаш шағын жинақтан басталған еңбегі бүгінде 17 томға жетіп, халқымыздың тарихи мұрасына айналды. 

Сондай-ақ, кешке қатысқан Қалелхан Әділханов, Бақыт Байниязов, Ғани Аюпов, Әріп Қабланов, Болат Тәжіғұл, Сәуле Әбдіжанова, Күләш Қызайбаева, Қарлығаш Ибрайшина сынды сонау 1986 жылғы желтоқсан ызғарында «тоңған», елге, жерге деген жүрегін алаңға алып шыққан азаматтар да ортаға шығып сөйлеп, естелігін бөлісті.

«Мен бүгін осындай басқосуда әріптестеріммен және желтоқсаншы қазақ жастарын ұлықтап, насихаттап том-томдап кітап жазған Талғат Айтбайұлымен кездесіп отырғаныма өте қуаныштымын. Мен де 1986 жылы студент едім, Ауыл шаруашылығы институтында оқып жүрген арманшыл, жалындаған жас едім. Біздің ешқандай бөтен ойымыз болған жоқ, тек елді өзіміздің ұлттың перзенті басқарса деген тілекпен шыққан едік алаңға. Өкінішке орай біздің үнімізді естімеді. Сол жылғы желтоқсан өте ызғарлы, суық еді. Бірақ бізді тоңдырмаған, жылытқан Отанға деген сүйіспеншілік сезімі болды. Біз жылда Наурызбай ауданында сол күндерді, Желтоқсан қаһармандарын ұмытпас үшін спорт ойындарынан турнирлер өткізіп тұрамыз. Балалар, сендер де бұл күнді ұлықтап жүрсеңдер екен дейміз. Өйткені бүгінгі Тәуелсіздік сол жылғы желтоқсаннан басталған», – деді «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігі Наурызбай аудандық филиалының мүшесі Сәуле Әбдіжанова.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әдебиет #Тәуелсіздік күні #егемендік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Миопияның негізгі себептерін анықталды

Бүгін 17:42

Қазақстанның мектеп инфрақұрылымы бес жылда қалай өзгерді?

Бүгін 17:34

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 40%-ҒА ЖЕТТІ

Бүгін 17:30

WhatsApp-та 13 жасқа дейінгі балаларға арнайы аккаунттар қосылады

Бүгін 17:12

Алматыда ядролық тераностика орталығы құрылады

Бүгін 17:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика