AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын алу конку...

Алматыда «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын алу конкурсы басталды

Әлеумет 16.09.2024, 12:31 1,496
Алматыда «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын алу конкурсы басталды
Сурет видео скрині

Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы мен «Ұлыс» ғылыми-зерттеу орталығы бірлесіп, «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау бойынша конкурстың басталғанын хабарлады.

Бағдарлама жастар бастамаларын қолдауға бағытталып, 14 пен 35 жас аралығындағы Алматы тұрғындарына өз жобаларын іске асыру үшін 1 000 000 теңге көлемінде грант алу мүмкіндігін ұсынады.

Гранттар алты бағыт бойынша беріледі:

  1. Ғылым: жас ғалымдарды және олардың зерттеулерін қолдау.
  2. Мәдениет: мәдени мұраны сақтауға және насихаттауға арналған жобалар.
  3. Ақпараттық технологиялар: цифрлық трансформацияға бағытталған жаңа IT шешімдерін әзірлеу.
  4. Бизнес: стартаптар мен бизнес-бастамаларды қолдау.
  5. Медиа: жас ұрпақ үшін сапалы контент жасау.
  6. Волонтерлік: әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған бастамалар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл грант жастарға өз идеяларын жүзеге асыруға және қала мен елдің дамуына үлес қосуға бірегей мүмкіндік береді.

«Жастарымыздан шығармашылық идеялар күтеміз және баршаңызды гранттық конкурсқа қатысуға шақырамыз. Қатысушыларға шабыт пен табыс тілейміз», - деді Жастар саясаты басқармасының Жастарды әлеуметтендіру және бастамаларды қолдау бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Беккайыров.

Өтінімдер 16 қыркүйектен бастап 2024 жылдың 16 қазанына дейін қабылданады. Жеңімпаздар 15 жұмыс күні ішінде анықталады.

Өтінімдер generationala.kz сайты арқылы қабылданады. Қосымша сұрақтар бойынша +7 (776) 844-12-02, +7 (776) 829-78-41 нөмірлеріне хабарласуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жастар #Нұрсұлтан Беккайыров #грант
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада кітапханалар желісі кеңейіп, оқырман саны 100 мыңға жетті

Бүгін 19:01

Әскери борышын өтеген мыңнан астам сарбаз грант иегері атанды

Бүгін 18:58

Автобустағы әдеби кеш: Жолаушылар жыр оқыды

Бүгін 18:53

Қызылордалық оқушы Менделеев халықаралық олимпиадасының жеңімпазы атанды

Бүгін 18:40

Түркістанға ИСЕСКО-ның мәдени астанасы бола ма?

Бүгін 18:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика