Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді

Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді

Әлеумет 15.12.2024, 14:08 1,162
Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда 16 желтоқсан күні Республика алаңында Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді. Іс-шараға ардагерлер кеңесінің, қала әкімдігінің, қоғамдық ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушылар қатысады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

17 желтоқсан күні 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының 38 жылдығына орай «Тәуелсіздік таңы» ескерткішіне гүл шоқтары қойылады. Салтанатты іс-шараға Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, әкімдік өкілдері және қала жастары қатысады. Жиналғандар қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, дін өкілдері құран бағыштайды.

Сондай-ақ, мерекелік іс-шаралар қаланың ауданында өтеді.

Алмалы ауданында 13 желтоқсанда «Ten Qogam» орталығында және Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде Желтоқсан оқиғасына арналған концерттер өтеді.

Бостандық ауданында 15 желтоқсанда сағат 16:00-де аудандық комьюнити орталығында «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. 16 желтоқсанда сағат 18:00-де Mega Alma-Ata сауда орталығында Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық мемлекеттік фольклорлық-этнографиялық оркестрінің концерті болады.

Медеу ауданында 13 желтоқсанда сағат 11:30-да Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінде «Бабаларым аңсаған – Тәуелсіздік» атты кездесу өтеді.

Түрксіб ауданында 13 желтоқсанда ауданның Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында зейнеткерлерге арналған концерт өтеді. 14 желтоқсанда аудандық комьюнити орталығында Желтоқсан оқиғасына қатысушылар мен жастардың қатысуымен «Ардагерлерді ардақтайық!» атты дөңгелек үстел өтеді.

Наурызбай ауданында 13 желтоқсанда сағат 11:00-де Шұғыла шағын ауданы 347/4 мекенжайындағы Инновациялық шығармашылық орталығында «Тұғыры биік – тәуелсіздік» атты концерт өтеді.

Әуезов ауданында 13 желтоқсанда сағат 11:00-де Алматы технологиялық колледжінің акт залында «Тәуелсіздік тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың» атты концерт өтеді. Сонымен қатар, ауданның комьюнити орталығында Тәуелсіздік күніне арналған флешмоб ұйымдастырылады.

Жетісу ауданында 13 желтоқсанда сағат 14:00-де №193 мектеп ұжымының қатысуымен Мәдениет үйінде «Тәуелсіздік – Тұғырым» атты мерекелік концерт өтеді. 

Ай бойы қаладағы барлық білім беру мекемесінде Желтоқсан оқиғасына арналған ашық сабақтар, конференциялар мен кездесулер өткізіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Тәуелсіздік #желтоқсан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда трамплин маңында жүздеген тұрғын қатысқан сенбілік ұйымдастырылды

Бүгін 12:59

«Таза Қазақстан»: Алматыда құрылыс компаниялары сенбілікке қатысты

Бүгін 12:55

Алматының Түрксіб ауданында өткен сенбілікке 2 мыңнан астам тұрғын қатысты

Бүгін 12:19

Алматыда кәсіпорын қызметкерлері көктемгі тазалық пен көгалдандыру жұмыстарына белсенді қатысып жатыр

Бүгін 12:17

Тоқаев Трампты құттықтады

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика