Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда танымал оңтүстіккореялық телешоу түсірілд...

Алматыда танымал оңтүстіккореялық телешоу түсірілді

Барлығы 20.01.2026, 17:01 252
Алматыда танымал оңтүстіккореялық телешоу түсірілді
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Алматы Оңтүстік Кореядағы ең жоғары рейтингке ие жобалардың бірі «Менің кішкентай бойдақ жігітім» (SBS) телешоуының түсірілім алаңына айналды. Оңтүстік Кореяда миллиондаған көрермені бар бағдарлама апта сайын эфирге шығады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Түсірілімге танымал корей актерлері Пэ Чон Нам, Ли Сон Мин, Ким Сон Гюн және Ким Чон Су қатысты. Бағдарлама Алматы қаласы мен өңірдің негізгі туристік нысандарында, атап айтқанда Көктөбеде, Шымбұлақта, Медеуде, Көк базарда, Көлсай көлдерінде және өзге де көрнекті орында түсірілді.

Алматыға арналған шығарылым 2026 жылы ақпан айының басында SBS телеарнасынан эфирге шығарылады деп жоспарланған.

«Мені бұл өңірдің Кореяда кездеспейтін кең тынысты, тосын табиғи көріністері ерекше қызықтырды. Алматы Кореядан алыс болмаса да, мұндағы табиғат мүлде бөлек әсер қалдырады. Бұл ауасы таза, қала өмірі мен табиғат бір-бірімен табиғи үйлесім тауып, астасып жатқан қала. Кореямен салыстырғанда, мұндағы табиғат әлдеқайда ауқымды әрі табиғи қалпы жақсы сақталғандай әсер сыйлайды», – деп жобаның режиссер-операторы Алматының өзіне ерекше әсер еткенін жеткізді.

Алматыда түсірілім тобына Almaty Tourism Bureau командасы қолдау көрсетіп, ұйымдастыру жұмыстарын қамтамасыз етті. Жоба халықаралық деңгейдегі маңызды ақпараттық оқиғаға айналып, шетелдік аудиторияның Алматының туристік әлеуетіне деген қызығушылығын арттырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #оңтүстіккореялық телешоу #түсірілім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 8 наурызға орай «Әлемнің жарығы» атты мерекелік концерт өтті

Бүгін 20:24

Алматы әкімдігінің өкілдері Абай шағынауданын неге жеке тұрғын үй құрылысы аймағына ауыстырмайтынын түсіндірді

Бүгін 18:34

Дархан Сатыбалды Алматыда Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мемлекеттік наградалар табыстады

Бүгін 18:31

Саясатта 17%, ғылымда 51%, кәсіпкерлікте 48%: Қазақстандағы әйелдер үлесі қанша?

Бүгін 18:17

Мәжіліс төрағасы әріптестерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

Бүгін 17:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі