конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәсел...

Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қалалық комиссияның кеңейтілген отырысы өтті

Саясат 23.09.2022, 04:49 1,967
Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қалалық комиссияның кеңейтілген отырысы өтті
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Отырысқа аудан әкімдері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, квазимемлекеттік сектордың басшылары және қоғам өкілдері қатысты.


Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмриннің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қалалық комиссияның кезектен тыс кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Өзінің сөзінде Асқар Әмрин сыбайлас жемқорлыққа дер кезінде және үйлестірілген іс-қимыл арқылы тиімді қарсы тұруға болатынын атап өтті.



«Мемлекет басшысы бекіткен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын іске асыру аясындасыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимылға мүдделі және белсенді болу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған алдын алу шараларының басымдығын қамтамасыз ету қажет», - деді қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин.



Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов өзінің баяндамасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы әзірленгенін, оған елдің әрбір өңірінің ең өзекті мәселелері енгізілгенін атап өтті.


Картада процестердің ашық еместігі, әкімшілік кедергілердің болуы, заңнаманың жетілдірілмеуі, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне байланысты нақты шешімнің табылмауы салдарынан орын алатын өзекті мәселелердің тізбесі көрсетілген.



Алматы қаласы бойынша 6 бағыт  белгіленді, олар – құрылыс, экология, фискалдық сала, әлеуметтік сала, экономика және қаржы бағыттары. Бұлар – осы өңірде тұратын және сыбайлас жемқорлықпен байланысты адамдар кездесетін негізгі мәселелер.



Қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин атап өткендей, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының жетекшісі болып табылады, ол өз қызметінде жемқорлықтың алдын алудың, ауқымды ағартудың, қоғаммен сындарлы серіктестіктің және қылмыстық-құқықтық шаралардың тиімді элементтерін біріктіреді.



«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл" типтік базалық бағыты енгізілген жобалық басқару аясында әкімдік өз тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді, әкімшілік кедергілерді жою, сондай-ақ ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету мақсатында білім беру, денсаулық сақтау, көлік, жер қатынастары салаларындағы жұмыс оңтайландырылды, мемлекеттік қызметтер электрондық форматқа ауыстырылды. Мемлекеттік аппараттың қоғаммен сындарлы диалогы жолға қойылған.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#сыбайлас #Жемқорлық #Агенттік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттары сайлауы аяқталды

Бүгін 22:10

Алматыда сайлау күні аяқталды: ендігі кезек – дауысты санау

Бүгін 20:36

Оңтүстік ұландықтар дауыс беруді мерзімінен бұрын аяқтады

Бүгін 20:14

Сайлау күнінің соңғы дауысы: Медеу ауданындағы №415 учаскеде соңғы сайлаушы дауыс берді

Бүгін 20:07

Соңғы бюллетень де – алматылық стильде: фрилансер №250 сайлау учаскесін «жапты»

Бүгін 20:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);