Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда судың жағасында орналасқан көрікті 3 дема...

Алматыда судың жағасында орналасқан көрікті 3 демалыс орны

Барлығы 20.06.2025, 09:52 1,022
Алматыда судың жағасында орналасқан көрікті 3 демалыс орны
Сурет: pervomayskie_prudi инстаграм парақшасынан

Алматы және демалыс десе, көпшіліктің ойына бірден тау келері анық. Тау қаламыздың басты көркі деген пікірмен дауласпаймыз. Себебі,  Алматының тау кластерін күллі ел тұрғындары мақтаныш ететіні сөзсіз. Бүгін қаламыздың су айдындарымен байланысты көрікті жерлері де барын еске салғымыз келеді. Aqshamnews.kz тілшісі қала тұрғындары арасында жақсы таныс 3 демалыс орнын оқырмандар есіне салады: 

1. Сайран көлі 

Сайран көлі - жасанды су қоймасы, реконструкцияланған танымал демалыс орны.

Сурет: zakon.kz

Бүгінде мұнда қайта құру аясында түбін тазарту, аумақты салу және абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын.

Жағалауда орындықтар, фудкорттар, скейтпарк, спорт алаңдары және басқа да демалыс орындары болады.

Сурет: Zakon.kz

Үлкен Алматы өзенінде орналасқан Сайран көлі 1971 жылы бұрынғы құмтас материалдарын өндіру карьерінің орнында құрылды. Қазіргі уақытта көлдің батыс жағалауында абаттандырылған құмды жағажай бар.

2022 жылы басталған қайта құру аясында көл түбін тазарту жұмыстары жүргізіліп, бүгінде аяқталуға таяу. 

2. Әуежай көлi немесе Кіші Алматы тоғаны

Бұл тоғанның ресми атауы - «Кіші Алматы». Әуежайға жақын орналасқаннан кейін, жұртшылық орны  «Әуежай» көлі деп атап кеткен.

Сурет: visitalmaty.kz

Ол 1960-жылдары салынған және Кіші Алматы өзенінен қоректенеді. Бұл — қаладағы ең үлкен көлдердің бірі, оның су көлемі шамамен 1 250 000 текше метр, ал орташа тереңдігі — 8 метрге жуық. Кеңес заманында бұл көл алматылықтардың шомылып, жағажайда демалатын танымал орындарының бірі болған.

Бүгінде көлге шомылуға ресми түрде тыйым салынғанымен, ол көптеген тұрғындар үшін демалыс орны ретінде қала беруде. 2024 жылы көл түбін тазарту жұмыстары жүргізіліп, оның экологиялық жағдайы жақсарды. Әуежай көлі биоалуантүрлілікті сақтау үшін де маңызды, себебі оның маңында түрлі құстар мен жануарлар мекендейді.

3. Первомайские пруды

Бұл — Алматы қаласының маңындағы демалыс аймағы. Бұл — бірнеше су айдынынан тұратын кешен, 2017 жылы қайта жөнделіп, абаттандырылған. Қазіргі таңда бұл жер жағажай демалысына арналған танымал орындардың бірі саналады. Мұнда жағажайлар, мейрамханалар, дәмханалар, балалар алаңдары, волейбол алаңдары және суға байланысты аттракциондар бар.

Сурет: видеодан скрин; pervomayskie_prudi инстаграм парақшасынан

Демалыс аймағы қала қарбаласынан алыстап, табиғат аясында тынығып, жайлы демалуға болатын орын.

Бұл тоғандар 1960-жылдары Тереңқара өзеніне бөгеттер салу арқылы жасалған. Бастапқыда олар егістік алқаптарын суару, су қорын реттеу және балық өсіру мақсатында пайдаланылған. 2017 жылы жүргізілген ауқымды қайта құру жұмыстарының нәтижесінде бұл аймақ демалыс орнына айналды.

Сурет: restolife.kz

Әсем қала - Алматы  сан алуан табиғат көріністеріне бай. Жоғарыда аталған демалыс орындарында әлі де болып көрмесеңіз, алдағы демалыс күндерін су айдындарының жағасында естен кетпестей өткізуге болады. Бірақ су жағасында қауіпсіздікті естен  шығармаған абзал.

Оқыс оқиға болмас үшін, құтқарушылар ұсынған сақтық шараларын еске саламыз. 

- Судың жағасында балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- Жүзе алмасаңыз, суға тереңдеп бойламаңыз;
- Суға түскенде бір-біріңізден көз жазып қалмаңыз;
- Арнаулы белгі қойылған жерден алысқа ұзамаңыз;
- Көпірден, жағадан, қайықтан суға секірмеңіз;
- Түнде де суға түспеңіз.

Демалыстарыңыз ойдағыдай өтсін!

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Демалыс орындары #су
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында бір топ жігіт полицейлерге шабуыл жасады

Бүгін 11:49

Алматылықтардың зәресін алған қыздар елден шығарылды

Бүгін 10:14

Қазгидромет 5 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Бүгін 09:11

«Таза Қазақстан»: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сенбілікке белсене қатысты

Кеше 18:49

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Кеше 16:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика