Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматыда суды пайдалану мен кәріз жүйесіне бақылау...

Алматыда суды пайдалану мен кәріз жүйесіне бақылау күшейтілді

Бүгін 10:41 28
Алматыда суды пайдалану мен кәріз жүйесіне бақылау күшейтілді
Алматы әкімдігі

Алматыда суық сумен жабдықтау және кәріз қызметін тұтынушыларды кешенді тексерудің белсенді кезеңі басталды. Бұл туралы қалалық Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының мамандары айтты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Алматы Су» МКК мамандарының мәліметінше, бұл жұмыстар суды пайдалану саласында тәртіп орнатуға, ресурстарды есепке алудың ашықтығын арттыруға және су шығынын азайтуға бағытталған ауқымды түгендеу аясында жүргізіліп жатыр.

Іс-шаралар барысында абоненттердің су және кәріз қызметтерін пайдалану қағидаларын сақтау деңгейі назарға алынады. Заңсыз қосылу, есептеу құралдарының жұмысына араласу және тұтыну көлемін әдейі төмендету фактілерін анықтауға басымдық беріліп отыр.

Сонымен қатар мамандар инженерлік желілердің техникалық жай-күйін де бағалап жатыр.

Түгендеу жұмыстары қаланың барлық ауданын қамтиды. Тиімділікті арттыру үшін аумақтар жеке секторларға бөлініп, сол жерлерде мобильді топтар жұмыс істейді.

«Алматы Су» өкілдерінің айтуынша, ірі су тұтынушылар ерекше бақылауға алынған. Олардың қатарында моншалар, көлік жуу бекеттері, қоғамдық тамақтану орындары, сауда орталықтары, өнеркәсіп кәсіпорындары бар. Бұл нысандар үшін суды қайта пайдалану жүйелері мен жергілікті тазарту құрылыстарының болуы міндетті талап ретінде қарастырылған.

Анықталған барлық заңбұзушылық бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады. Олар тұтыну көлемін қайта есептеуден бастап, қызмет көрсетуді шектеу немесе толық тоқтатуға дейінгі тетіктерді қамтиды.

Рейдтік іс-шаралардың алғашқы апталарында-ақ жүзден астам заңбұзушылық анықталды. Ең жиі кездескен деректер:

• келісімшартсыз суды пайдалану;

• есептеу құралдарының жұмысына араласу;

• тазартылмаған ағын суларды төгу;

• қоғамдық тамақтану орындарында май ұстағыштардың болмауы.

2026 жылдың бірінші тоқсанында 29 көлік жуу бекеті алғаш рет суды қайта пайдалану жүйелерін орнатты. Бұған қоса, бұрын тұрмыстық тарифпен төлем жасап келген 78 нысан коммерциялық тарифке ауыстырылды. Сондай-ақ, инженерлік желілерге өз бетінше қосылудың 20-дан астам дерегі анықталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #су
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында той үшін қарызға батқан әйел сотқа жүгінді

Бүгін 12:00

Көркем гимнастика: Ташкентте бақ сынайтын қазақстандық спортшылар анықталды

Бүгін 11:41

Түзеу мекемесіндегі жасөспірімдердің де денсаулығы бақылауда

Бүгін 11:34

Наурыздағы ҰБТ: 179 мыңға жуық талапкер тест тапсырды, ең жоғары нәтиже – 140 балл

Бүгін 11:25

Енді Алматы туралы жаңалықты Asman Airlines ұшағында да оқуға болады

Бүгін 11:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика