Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда су құбырының 54,2%-ы тозған

Алматыда су құбырының 54,2%-ы тозған

Әлеумет 12.04.2023, 21:31 931
Алматыда су құбырының 54,2%-ы тозған
Сурет: Ашық дереккөз

Алматыда тозығы жеткен 2 мың шақырымға жуық су құбырын ауыстыру көзделіп отыр


Биыл Алматыда халық пен кәсіпорындарға суды үздіксіз беруді қамтамасыз етуге бағытталған сумен қамту және кәріз жүйесін жаңғырту жұмыстары жалғасады. Бұл туралы «Алматы су» МКК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Жұмыстарды бірнеше бағытта жүзеге асыру жоспарланған. Ең алдымен объектілерді, желілер мен жабдықтарды қысқа дайындау, сондай-ақ желілердегі апаттар санын және су шығынын азайтуға бағытталған.



«2023 жылға арналған инвестициялық бағдарламаға сәйкес, сумен қамту бойынша 2,6 млрд теңге, су бұру бойынша 584 млн теңгені құрайды. Биылға арналған инвестицияның негізгі көлемі желілерді жаңартуға бағытталады. Сондықтан жалпы ұзындығы 32 шақырым болатын 25 нысан бойынша өте тозған су құбыры желілерін ауыстыру жоспарланып отыр. Инженерлік желілерді реконструкциялау жұмыстары барысында су үздіксіз берілетін болады», - деп хабарлады компанияда.



Алматыда негізгі мәселелердің бірі – тозған су құбыры желілері болып қалып отыр. Қазіргі таңда Алматы қаласы бойынша су құбыры желілерінің 54,2%-ы тозған. Сол себепті 1943 шақырым су құбыры желісін ауыстыру қажет. Кәріздердің 56,6%-ы тозған, яғни, 1000 шақырымнан астам желіні реконструкциялау қажет.


Сондай-ақ «Алматы Су» мекемесінің мәліметінше, алдағы жылдар ішінде бюджет қаражаты есебінен Қарғалы, Ақсай, Ерменсай және Барлық өзендерінде су жинау құрылыстары іске қосылып, он елді мекенде ұзындығы 280 шақырым су құбыры желілері салынатын болады.



«Бұл 232 мың тұрғынды сумен қамтуға және қаладағы орталықтандырылған сумен қамтуға 100% қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп хабарлады «Алматы Су» МКК-да.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Су құбыры #жөндеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АБАЙТАНУШЫЛАР СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

Бүгін 19:50

Конституциялық реформа – елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі

Бүгін 18:42

Зейнеткерлерге қай ел жайлы?

Бүгін 17:39

Алматыда Жамбыл атындағы кітапхананың мерейтойы мен ақынның 180 жылдығы аталып өтті

Бүгін 17:27

Табысы төмен отбасыларға ақша беріледі деген рас па?

Бүгін 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі