AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда су басу орындарын жою бойынша кешенді жұм...

Алматыда су басу орындарын жою бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде

Әлеумет 21.10.2022, 10:15 1,234
Алматыда су басу орындарын жою бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде
Суреттерді түсрігне - Д.Исаев

Баспасөз туры барысында Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының мамандары БАҚ өкілдеріне су басу орындарын жою бойынша жүргізіліп жатқан апаттық қалпына келтіру жұмыстарын көрсетті. "Таусамалы" шағынауданында ұзындығы 980 м құрайтын Ойжайлау өзенінің арнасын бекіту жұмыстары жүргізілді. Райымбек даңғылында 1400 метрлік суы ағызу желісі салынып жатыр. Төле би мен Яссауи көшелерінің қиылысында өткізу қабілетін арттыра отырып, ұзындығы 150 м құрайтын арық желісі жөнделді. Сонымен қатар журналистер Райымбек даңғылынан Қарасу көшесіне дейінгі үзындығы 2200 м коллектордың жөндеу жұмыстарымен және жалпы ұзындығы 3360 м құрайтын Момышұлы көшесінен Чуланов көшелерінің Жұбанов көшесінен Рысқұлов даңғылына дейінгі аралығындағы өткізу каналының құрылыс жұмыстарымен танысты.



Бұған дейін қала әкімінің тапсырмасы бойынша Экология және қоршаған орта басқармасының мамандары жауын кезінде су басатын орындарды анықтау жұмыстарын жүргізген болатын.



Барлығы 102 су басу орны анықталып, оның ішінде 56 аумақ бойынша шұғыл түрде апаттық қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажет екендігі анықталды. Негізгі мәселе – жауын-шашын желісінің жоқтығы, кәріз желісіне қосылмаған, қоқысқа толған және бітелген арықтар мен коллекторлар. Жұмыс барысында жалпы ұзындығы 1,5 мың шақырым арық желісінің бойы 1464 жерде тұйықталғандығы, ал 16 коллектордың 12-сі істен шыққандығы белгілі болды.




Қазіргі кезде үнемі су басатын 25 аумақта жұмыстар аяқталды: Әйтеке би көшесі бойында Назарбаев, Абылай хан даңғылдары, Панфилов, Қонаев көшелерінің қиылысы; Төле би мен Яссауи көшелерінің қиылысы; Жароков-Сәтбаев, Сәтбаев-Байтұрсынов, әл-Фарабиден Ремизовкаға бұрылыс; "Тастыбұлақ", "Қалқаман" шағынаудандары. Сондай-ақ Әуезов ауданындағы бір канал мен Жетісу, Алатау аудандарындағы 4 коллектор жөнделді.


Экология және қоршаған орта басқармасы мамандарының айтуы бойынша, су басудың тағы бір себебі – су ағызу құбырлары диаметрінің су ағынының күшіне сәйкес келмеуі.




 «Қазіргі таңда қалада диаметрі 500 мм су ағызу құбырлары пайдаланылады. Олар келіп түскен су көлемін игере алмайды. Осы мәселені шешу мақсатында диаметрі 1 мм құрайтын құбырлар орнатылып жатыр. Осылайша, су ағызу құбырларының өткізу қабілеті екі есеге артып отыр», - деді Экология және қоршаған орта басқармасы басшысының м.а. Серік Әділбаев.




Жыл соңына дейін қалған 31 су басу орнын жойып, 8 коллектор мен 3 каналды жөндеу жоспарланған.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #субасу #журналистер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда риелторлардың бірыңғай реестрін құрмақ

Бүгін 14:09

Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өткізді

Бүгін 13:06

Нина Лукьяненко: Қазақстандағы тұрғын үй нарығы тоқырау кезеңіне өтті, бірақ алда қайта қымбаттауы мүмкін

Бүгін 12:40

Алматылықтар бизнес бастау үшін 1,7 млн теңгеге дейін грант ала алады

Бүгін 11:46

Алматыда қандай мамандық сұранысқа ие екенін айтты

Бүгін 11:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);