AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда студенттік көктем фестивалі бастау алды

Алматыда студенттік көктем фестивалі бастау алды

Барлығы 06.03.2025, 12:54 875 dulatbekova
Алматыда студенттік көктем фестивалі бастау алды
Сурет: aqshamnews.kz

Алматы қаласында қалалық студенттік көктем «Jas Gala - 2025» шығармашылық фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Дәстүрлі шараға Алматы қаласының ЖОО және колледж студенттері қатысты.

         Төртінші жыл қатарынан өткізіліп отырған айтулы шара Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, «Алматы студенттер Альянсы» КҚ ұйымдастыруымен жүзеге жүзеге асырылуда.

         Байқаудың мақсаты – шығармашыл, дарынды және талантты жастарды анықтау және олардың кәсіби өсуіне қолдау көрсету, адамгершілік құндылықтарды, жоғары эстетикалық және интеллектуалдық талғамын қалыптастыру.

         Фестивальге қаламыздың 30 ЖОО және 26 колледжінен 650 өтінім келіп түсті. Жалпы қатысушылар саны 2500-нан астам  студентті құрады.

Биылғы «JAS GALA» студенттік көктем шығармашылық байқауы келесі атаулы даталарға арналады: Жұмысшылар жастар жылы, Ұлы Жеңістың 80 жылдығы, Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығы, Н.Тілендиевтың 100 жылдығы, Ш.Қалдаяқовтың 95 жылдығы.

  Бір айға созылатын фестиваль барысында қатысушылар вокал, хореография, мобилография, аспапық орындау, театр бағыттары бойынша бақтарын сынайды. Фестиваль аясында қатысушыларға өнер майталмандарының қатысуымен мастер-класстар мен мотивациялық кездесулер ұйымдастырылады. Фестивальдің жүлде қоры – 7 500 000 теңгені құрайды.

Шараны Алматы қаласы Жастар саясаты басқарма басшысының орынбасарының уақытша міндетін атқарушы, Бекқайыров Нұрсұлтан Болатұлы ашып, қатысушыларға өзінің ізгі тілегін білдірді.

«Құрметті достар Алматы қаласы жастар саясаты  басқармасы жастардың жан жақты дамуына түрлі, жүйелі жобаларды ұйымдастыруға әрқашан дайын. Құрметті достар сіздерге осы жобада, осы сайыста тек үлкен жеңістер тілейміз. Біз Алматы Студенттер Альянсына өз басқарма атымыздан, және өз атымнан үлкен алғыс білдіргім келеді. Келесі жылы жобаның жүлде қорын көбейтуді жоспарлап отырмыз. Бүгінгі ашылу салтанаты баршаңызға   құтты болсын, нағыз көркем өнерпаздар жеңіске жетсін!»

«Алматы студенттер Альянсы» КҚ төрағасы Жасұлан Бостандықұлы келген қатысушыларға өз алғысын білдірді.

«Жастардың бұл жобаға деген қызығушылығы жылдан жылға артып келеді. Барша қатысып жатырған және бізге қолдау білдірген ЖОО мен колледж башылығына шын жүректен алғысымызды білдіреміз! Бұйырса алдағы 1 ай көлемінде ЖОО және колледждер базасында  іріктеу кезеңі, қалалық деңгейде жартылай финал және финалдық кезеңді өткіземіз. Тек қана жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар жеңіске жетсін! Барша қатысушыларға сәттілік!»

Бүгінде Алматы қаласында 14 пен 35 жас аралығындағы 695 мыңнан астам жас тұрады (тұрғындардың жалпы санының 32%). Оның ішінде 35 ЖОО және 88 колледжде  286 мыңнан астам студент білім алуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #студенттік көктем фестивалі #«Jas Gala - 2025»
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);