Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қала тынысы / Алматыда студенттердің тігін орталығы ашылды

Алматыда студенттердің тігін орталығы ашылды

Қала тынысы 15.03.2023, 17:31 876
Алматыда студенттердің тігін орталығы ашылды
Сурет: ашық дереккөз

Алматыда студенттер үшін Тігін саласының құзыреттілік орталығы ашылды.


Алматыда Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі базасында Тігін саласының құзыреттілік орталығы ашылды. Бұл жерде  студенттер заманауи стандарттарға сәйкес тігін ісі бойынша тәжірибе алуға мүмкіндік алады, - деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz/.


Жоба аясында инновациялық жабдықтар сатып алынды: цифрлық тігін машиналары, сонымен бірге қалың және жұқа маталардан бұйымдарды жасау үшін, оның ішінде көрпе тігу, кесте тігу, түйме ілу үшін жартылай автоматтар Колледжді тігін техникасымен жабдықтау мүмкіндігі шектеулі студенттерді тігін өндірісі мамандықтарына оқытуға мүмкіндік береді. Орталықта алты оқу-өндірістік шеберханасы және бес оқу аудиториясы бар. Оның жобалық қуаты 75 орынға есептелген.


Ашылу салтанатына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нусіпова, Түркітілдес халықтардың салт-дәстүрін сақтауды насихаттау жөніндегі Өңіраралық әйелдер қоғамдық ұйымы кеңесінің төрайымы Раушан Канапьянова, «Асыл-Дизайн» сән үйінің бас дизайнері, Қазақстан Дизайнерлер Одағының мүшесі Айдархан Калиев, «Италия» білім беру орталығының директоры Кармине Барбаро, т.б. қатысты.



 «Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасының жол картасы шеңберінде құзіреттілік орталықтарының ашылуы ТжКБ ұйымдарында баса назар аударылып отырған жұмысшы мамандықтарының арттыруға мүмкіндік береді. Енді біз біліктілік орталығындағы өндірістік базамызда дуалды оқытуды ұйымдастыра аламыз», - деді Әсем Нүсіпова.



Қалада мемлекеттік колледждер базасында барлығы үш құзыреттілік орталығы жұмыс істейді. Сонымен, Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің базасындағы құзыреттілік орталығында кондитер-ресімдеуші, туристік агент, бармен-бариста және т. б. мамандықтар бойынша оқытылады.Мәселен, Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің базасындағы құзыреттілік орталығында кондитер, аспазшы, т.б. мамандықтар бойынша оқытылады. Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжінің базасындағы құзыреттілік орталығында  электр энергетикасы және өндірісті автоматтандыру салаларында мамандар дайындайды. Ал Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің базасындағы "Азық-түлік технологиялары" құзыреттілік орталығы ет өндірісі және түрлі тамақ өнімдерін өндірісіне байланысты мамандықтар бойынша мамандар дайындайды. 


 Құзырет орталығы Алматы мемлекеттік колледжінің базасындағы құзыреттілік орталығында  техникалық процесті автоматтандыру және басқару, электрмен жабдықтау, радиотехника, электроника және телекоммуникация, энергетика және электрондық технологиялар салаларында мамандар дайындайды. Ал Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің базасындағы «Азық-түлік технологиялары» құзыреттілік орталығы ет  және түрлі тамақ өнімдерін өндірумен, сондай-ақ қонақ үй шаруашылықтарына қызмет көрсетумен байланысты мамандықтар бойынша мамандар дайындайды.


2023 жылы тағы төрт құзыреттілік орталығын ашу жоспарланған. Олардың пайда болуы студенттерді практикалық оқыту үшін инновациялық хаб құруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, WorldSkills Чемпионаттарын өткізу және қатысушыларды даярлау үшін оқу-жаттығу лагері құрылады. Бұл халықаралық коммерциялық емес қозғалыс, мақсаты жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру  және дағдыларын дамыту болып табылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тігін #Студент #ашылды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жадыңды жаңарту үшін...

Бүгін 12:06

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38

Ахметбек Қоңырбаев Президент Алғыс хатымен марапатталды

Бүгін 11:37

Тегін оқып, офицерлік шен алып, 100% жұмысқа орналасады: Алматыда ІІМ академиясына қалай түсуге болатынын айтты

Бүгін 11:12

Алматылық спортшы семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды

Бүгін 10:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика