AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда студенттер мен жастарға қолдау көрсетіп,...

Алматыда студенттер мен жастарға қолдау көрсетіп, оларға мансап құруға көмектесуде

Әлеумет 14.03.2025, 16:46 691 Bakyt
Алматыда студенттер мен жастарға қолдау көрсетіп, оларға мансап құруға көмектесуде
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда жаңа қауымдастық-орталықтар шығармашылық, еріктілік, оқыту және мансаптық өсу үшін кеңістікке айналуда. Бұл туралы Алматы қаласының жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры директорының міндетін атқарушы Бағдат Анарбаева өңірлік коммуникациялар қызметі мен қалалық жастар саясаты басқармасы ұйымдастырған баспасөз туры барысында хабарлады.

Оның айтуынша, қауымдастық орталықтар базасында кеңес беру аймақтары, жобалық кеңселер мен белсенді жастардың кездесулеріне арналған кабинеттер құрылды. Орталықтар open space форматында сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін, кейде тіпті 23.00-ге дейін жұмыс істейді.

«Біздің қауымдастық-орталықтар - бұл жай ғана кездесуге арналған орын емес, олар өсуге және қолдауға арналған алаң. Мұнда жұмысқа орналасу, қаржылық сауаттылық, тілдерді үйрену бойынша кеңестер алуға, сондай-ақ психологтар мен заңгерлердің қызметтерін пайдалануға болад», - деп атап өтті ол.

Бағдат Анарбаева негізгі ерекшеліктердің бірі қаланың 30-дан астам ірі волонтерлік ұйымдарын біріктіретін волонтерлік орталық болып табылатынын қосты. Дәл осы жерде гуманитарлық жиындар үйлестіріліп, әлеуметтік жобалар ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, орталықтарда заманауи бағыттар бойынша өнер мектептері мен курстар ашылды. Соңғы бастамалардың бірі ай сайын өткізілетін жасанды интеллект бойынша курстар болды.

«Біз жастардың IT және технология саласына деген үлкен қызығушылығын көріп отырмыз. Тек соңғы айларда ғана курстарға 200-ден астам адам жазылды. Бағдарлама Цифрландыру министрлігімен және жетекші сарапшылармен бірлесіп әзірленді», - деді Бағдат Анарбаева.

Бұдан басқа, орталықтар шығармашыл жастарға қолдау көрсетеді: дыбыс жазу студиялары жұмыс істейді, вокал, бейне контент және подкаст түсіру бойынша тегін сабақтар ұйымдастырылады.

«Біз Алматы жастарының дамуы үшін барлық жағдайды жасауға тырысамыз. Сондықтан жастар орталықтарын жаңғырту біздің басты басымдықтарымыздың бірі болып қала береді», - деп баса айтты ол.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы қала әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен сегіз жаңа орталық ашылды, ал 2025 жылы олардың санын 16-ға дейін арттыру жоспарлануда. Бұл орталықтар жұмыспен қамту бойынша кеңес беру мен қаржылық сауаттылықтан бастап тілдік курстарға, психологиялық және заңгерлік көмекке дейін көптеген қызметтерді ұсынады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жастар #мансап
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);