Алматыда соңғы 10 жылда экономиканың рекордтық өсуі байқалды

Алматыда соңғы 10 жылда экономиканың рекордтық өсуі байқалды Сурет Алматы қаласы әкімдігі

2023 жылы Алматы қаласының жалпы өңірлік өнімі нақты мәнде 10,1% ұлғайып, 24,8 трлн. теңге болды, бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш. 


Экономиканы дамытудың драйверлері өңдеу өнеркәсібі (+17,5%), сауда (+14,5%), қаржы және сақтандыру қызметі (+12,0%), ақпарат және байланыс (+11,3%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (+6,9%), көлік және қоймалау (+5,7%) болды.



Мегаполис экономикасының дамуы жоғары инвестициялық және іскерлік белсенділікпен қатар жүрді. 2023 жылы Алматы қаласына 1,8 трлн. негізгі капиталға салынған инвестициялар теңгесі 25,3% өсті, бұл ретте жеке инвестиция 35,5% артты. Былтыр шағын және орта бизнес субъектілері 19,3 трлн теңгенің өнім шығарды, нақты өсімі 15,8%. Белсенді жұмыс істеп тұрған бизнес субъектілерінің саны 340,1 мың бірлік, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 16,2% артық. 




Экономиканың қарқынды дамуы жұмыссыздық деңгейін 2022 жылғы 5,0%-дан 2023 жылы 4,8%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Жалпы, Алматы қаласының Қазақстанның жалпы ішкі өніміндегі үлесі 20,6%-ға дейін өсті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21