AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда скейт алаңы бар жаңа сквер салынды

Алматыда скейт алаңы бар жаңа сквер салынды

Әлеумет 17.10.2024, 09:20 1,229 Bakyt
Алматыда скейт алаңы бар жаңа сквер салынды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласының Медеу ауданына қарасты Алатау шағын ауданында жалпы ауданы 0,8 гектар болатын жаңа сквер салынды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұрын Ибрагимов көшесінде қараусыз қалған учаскеде енді жаңа қоғамдық кеңістік құрылды. Жоба аясында кешенді жұмыстар атқарылды: жаңа ойын және спорт алаңдары, скейт алаңы жасалды. Демалыс аймағында дұрыс демалу үшін беседкалар мен орындықтар орнатылды.

Жалпы ауданы 0,6 гектар аумақты көгалдандыруға ерекше назар аударылды: әртүрлі ағаштар мен гүлдер отырғызылды. Жасыл көріністі сақтау және өсімдіктерге күтім жасау үшін автоматты суару жүйесі қарастырылды.

Сквер аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында сумен жабдықтау желілері мен сыртқы жарықтандыру жүргізілді, сондай-ақ инфрақұрылым нысандарына қызмет көрсетуге арналған техникалық үй-жай қарастырылған.

Айта кетерлігі, Алатау шағын ауданы Алматы қаласынан 25 км қашықтықта орналасқан. Аудан 1957 жылы құрылған. Бұрын Алатау елді мекені Алматы облысының құрамына кіріп, кейін шамамен 30 жыл бұрын Алматының Медеу ауданына қосылып, «шағын аудан» мәртебесін алған.

Бүгінде тұрғын алабы өсіп, дамып келеді. Биыл тұрғындар үшін жалпы ауданы 7,3 мың шаршы метр, қуаты ауысымына 149 адамды қабылдай алатын денешынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 2025 жылы сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысы басталады. Сонымен қатар, келесі жылы «Алатау» мемлекеттік ауруханасының ғимаратын қайта жаңарту жоспарланған. Сондай-ақ, Мәдениет үйін қайта құру бойынша 2 жылға арналған жоба іске қосылады. Жоба аясында жергілікті тұрғындар үшін комьюнити орталығын орналастыру қарастырылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #скейт алаңы #жастар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қолшатыр қауіпсіздікке қалқан бола ала ма?!

Бүгін 12:35

Әскери оркестр әуенімен өткен соңғы қоңырау: Алматыдағы №210 мектеп-лицейде ерекше шара өтті

Бүгін 12:06

Алматыда жаңа форматтағы емхана салынады

Бүгін 11:41

Алматыда 15 мыңнан астам қыз бала HPV-ге қарсы вакцина алды

Бүгін 11:25

Алматыда қатерлі ісікті ертерек анықтай бастады

Бүгін 11:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);