конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда сирек кездесетін ауруларға арналған қайыр...

Алматыда сирек кездесетін ауруларға арналған қайырымдылық жүгіру өтті

Алматы 17.05.2026, 21:36 375 Сұлу
Алматыда сирек кездесетін ауруларға арналған қайырымдылық жүгіру өтті
Самат Құсайынов

Алматыда сирек кездесетін ауруларға арналған қайырымдылық жүгіру өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласында мукополисахаридоз және сирек кездесетін аурулар туралы халықаралық ақпараттандыру күніне орай қайырымдылық жүгіру ұйымдастырылды. Іс-шараны «Жаңа Өмір» мукополисахаридоз және сирек кездесетін аурулары бар пациенттер қоғамдық қоры мемлекеттік, медициналық және қоғамдық ұйымдардың қолдауымен өткізді.

Шараның басты мақсаты – сирек кездесетін аурулармен өмір сүріп жатқан жандардың мәселесіне қоғам назарын аудару және инклюзивті ортаны дамыту болды.

«Жаңа Өмір» қоғамдық қорының бас директоры Самат Рамазанов мукополисахаридоздың ауыр әрі сирек кездесетін генетикалық ауру екенін атап өтті.

— Ауру асқынған сайын ағзадағы көптеген мүшелер зақымдалып, ауыр функционалдық бұзылыстар пайда болады. Сондықтан мұндай пациенттерге қоғам қолдауы аса қажет, — деді Самат Рамазанов.

Қайырымдылық жүгіруге кез келген адам қатыса алды. Қатысушылар 1, 2 және 3 шақырымдық қашықтықтарды таңдады. Жалпы шараға 120 адам қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар сирек кездесетін ауруларға шалдыққан балалар мен олардың отбасыларына қолдау білдіріп қана қоймай, мукополисахаридозбен ауыратын пациенттерге қажетті инфузиялық сорғы алуға қаражат жинауға атсалысты.

Пациенттердің ата-аналары мұндай бастамалардың ерекше маңызға ие екенін айтты.

— Осындай шаралар бізді біріктіреді. Отбасылар өз мәселесімен жалғыз қалмайды. Мұнда бір-бірімізбен араласып, қолдау сезінеміз, — деді мукополисахаридоз диагнозы қойылған баланың анасы Айгерім Сейтбенбетова.

Айта кетейік, қайырымдылық жүгіру қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлықты насихаттап қана қоймай, салауатты өмір салтын дамытуға да өз үлесін қосты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы онкологиялық орталығында Ашық есік күні кезінде науқаста бауыр қатерлі ісігіне күдік анықталды

Бүгін 22:21

Бас прокуратура комитеті қандай мемлекеттік қызметтер көрсетеді?

Бүгін 17:48

Алматыда алты айда 270 заңсыз тексеру анықталды

Бүгін 17:41

Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобаларының жүзеге асырылуына бақылау күшейтіледі

Бүгін 17:35

Қазақстанда ірімшік пен сүзбе өндірісі 28% артты

Бүгін 17:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);