Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда сирек кездесетін ауруларды диагностикалау...

Алматыда сирек кездесетін ауруларды диагностикалау мәселесі қаралды

Медицина 01.02.2023, 03:30 1,854
Алматыда сирек кездесетін ауруларды диагностикалау мәселесі қаралды
Сурет: Ашық дереккөз

Жылдан-жылға гендік ауруларды анықтау жақсарып келеді


Алматыда Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының пульмонология бөлімінің 60 жылдығы аясында «Муковисцидозбен ауыратын науқастарды диагностикалаудың, емдеудің және оңалтудың заманауи аспектілері» тақырыбында шеберлік сағаты өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы мен ҚР Педиатрлар Одағының ұйымдастыруымен өткен шараға еліміздің әр өңірінен 80-нен аса мамандар: пульмонологтар, педиатрлар, диетологтар, гастроэнтерологтар, физиотерапевт-дәрігерлер, резиденттер, медициналық ЖОО студенттері, сонымен қатар, Қазақстан республикасының барлық аймақтарынан сирек (орфандық) аурулар бойынша өңірлік үйлестірушілері мен әр облыстың Денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері қатысты. 


 Шараны өткізудегі басты мақсат – ҚР дәрігерлерінің біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу және медициналық қоғамдастықты муковисцидоз мәселелеріне назар аударту. 


 Муковисцидоз - бұл сыртқы секреция бездерінің, сондай-ақ өмірлік маңызды мүшелер мен жүйелердің: тыныс алу жолдарының, асқазан-ішек жолдарының, ұйқы безінің, бауырдың, сілекей және тер бездерінің және репродуктивті  жүйесінің зақымдалуымен сипатталатын мультижүйелі, тұқым қуалайтын, өмірге қауіп төндіретін ауру.


 Шеберлік сағатты  Ресейдің жетекші дәрігерлері: м.ғ.д., профессор, «Н.П.Бочков атындағы МГҒО» ФМБҒМ-нің генетикалық эпидемиология зертханасының бас ғылыми қызметкері Наталья Каширская,   Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық медициналық балалар денсаулығын зерттеу орталығы» ФМАМ-ның білікті мамандары: м.ғ.д., молекулалық микробиология зертханасының меңгерушісі, микробиолог Анна Лазарева, м.ғ.д., профессор, жоғары санатты пульмонолог дәрігер,  пульмонология бөлімінің меңгерушісі Ольга Симонова,  м.ғ.к., педиатр, нутрициолог Инна Соколов, м.ғ.д., эндоскопиялық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі  Максим Лохматов өткізді. 



 Іс-шараның ашылуында Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Директорлар кеңесінің төрайымы Мариям Омарова муковисцидозға арналған шеберлік сағаты  біздің еліміздегі күрделі аурулардың бірі саналатын дертті диагностикалау, емдеу және оңалтуды жақсартуда тағы бір қадам жасауға мүмкіндік беретінін атап өтті.



 «Бүгінгі шара Орталықтың пульмонология бөлімінің 60 жылдық мерейтойына арналуымен маңызды. Бөлімнің құрылуы мен дамуына академик Камал Сәруарұлы Ормантаев, проф. Омарова Күлән Омарқызы, проф. Байжанова Мунира Майевна және басқа да мамандар үлкен үлес  қосты. Пульмонология бөлімінің бірінші меңгерушісі Тен Ольга Денисовна болды. Бөлімде құрылғаннан бері  муковисцидозбен ауыратын балаларға ерекше көңіл бөлінеді. Жылдан-жылға гендік ауруларды анықтау жақсарып келеді. Жаңа емдеу технологияларын енгізудің арқасында науқастардың өмір сүру сапасы жақсарып, өмір сүру ұзақтығы артты. Егер бұрын муковисцидозды балалық шақ кездегі ауру деп саналса, қазіргі таңда бұл дертке шалдыққан балалар ересек жасқа жетіп, өмір жастары  ұзаруда», - деп атап өтті Мариям Омарова.



Жыл сайын ауруханада әртүрлі бронх-өкпе патологиясы бар 600-ден астам балаға көмек көрсетіледі, 200-ден астам телемедициналық кеңестер жүргізіледі. Мамандар еліміздің барлық аймағында шеберлік сабақтар, медициналық, консультативтік, әдістемелік көмек көрсетіп келеді. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#диагностика #ем #медицина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика