Алматыда «Sim-Box» жабдығы анықталды

Алматыда «Sim-Box» жабдығы анықталды Сурет: ЖИ көмегімен салынды

Алматыда алаяқтардың нөмірлерді ауыстыру үшін пайдаланатын тағы бір «Sim-Box» жабдығы анықталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бәйтереков көшесіндегі пәтерде жүргізілген жедел іс-шаралар барысында Ресей Федерациясының 18 жастағы азаматынан «Sim-Box», қазақстандық ұялы байланыс операторларының 300-ден астам сим-картасы және басқа да жабдықтар тәркіленді.

Аталған факті бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 213-бабы (Абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгертуге арналған бағдарламаларды құқыққа сыйымсыз пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

«Sim-Box» жабдығы қылмыстық мақсатта телефон қоңырауларын жаппай жасау, таратуларды жіберу және абоненттік нөмірлерді ауыстыру үшін кеңінен қолданылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21

15:17