Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда шетелдіктен 800 доллар алған такси жүргіз...

Алматыда шетелдіктен 800 доллар алған такси жүргізушісі сотқа тартылды

Әлеумет 29.05.2023, 12:52 950
Алматыда шетелдіктен 800 доллар алған такси жүргізушісі сотқа тартылды
Сурет: Ашық дереккөз

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ


Алматы қаласы Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қоғамдық орындардағы мазалау фактісі (ҚР ӘҚ Кодексі 449 бабы, 2 бөлігі) бойынша такси жүргізушісіне қатысты сот процесі аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.


Сот қаулысы бойынша, такси жүргізушісі әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін және оның қайталануының алдын алу мақсатында кінәлі деп танылып, оған 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды.


Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Сот такси жүргізушісінің бұрын ҚР ӘҚ Кодексінің 449 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын анықтады. Ол 2023 жылы 21 мамырда Алматы қаласындағы халықаралық әуежайдың аумағында қоғамдық тәртіпті бұза отырып, Үндістан азаматына тасымалдау қызметтерін көрсету мақсатында мазасын алған.


"Сот отырысында М. жасалған құқықбұзушылықтың мән-жайын растап, кінәсін мойындады және жасаған кінәсіне өкінетінін мәлімдеді. Сот әкімшілік жазаның түрі мен мөлшерін айқындау кезінде әдептілік қағидаларын елемеу, айналасындағыларға құрметсіздік таныту, жол берілмейтін іс-әрекет, яғни азаматтардың мазасын алу секілді куәландырылған құқықбұзушылықтың нақты мән-жайларын назарға алды", делінген сот хабарламасында.


24 мамырда Алматыда Үндістан азаматтарын 800 доллар беруге мәжбүрлеген такси жүргізушісінің қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. 21 мамырда жеке тасымалдаумен айналысатын алматылық Үндістаннан келген туристерді көлігіне отырғызып, оларды Алматы халықаралық әуежайынан қонақ үйге дейін 1 мың теңгеге апаруға уәде береді. Алайда, діттеген жерге жеткенде такси жүргізушісі жолаушылардан 1180 доллар талап еткен. Ол шетелдіктерге заттарын бермеймін деп қорқытқан. Ақырында туристер оған 800 доллар беруге мәжбүр болыпты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Такси #сот
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Сербия арасындағы көпсалалы ынтымақтастықты бекіту: 10 меморандумға қол қойылды

Бүгін 16:22

Алматыда тұрғын үйлердегі жылу шығынының себептері түсіндірілді

Бүгін 16:12

Алматыдағы ҚР ең ірі спорт университеті референдумды қолдады

Бүгін 16:05

Алматыда полицейлер шетелдік азаматқа көмектесті

Бүгін 15:58

Байкотқа ұшыраған McDonald’s Рамазан айында цифрлы жарнамасын өзгертті

Бүгін 15:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі