AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда шамамен 160 мың шаршы метр жерге гүл отыр...

Алматыда шамамен 160 мың шаршы метр жерге гүл отырғызылады

Әлеумет 13.05.2022, 05:21 1,737
Алматыда шамамен 160 мың шаршы метр жерге гүл отырғызылады
almaty-akshamy.kz

Алматыда көпжылдық және біржылдық сәндік өсімдіктерді отырғызу жұмыстары басталды. Гүлмен әсемделетін аумақтың жалпы көлемі 159 мың шаршы метрді құрайды, оның ішінде 26 мың шаршы метр жер көгалдандырылады деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Қалада раушан, қызылкүрең, коламбус, абба, лаванда, сәлбен, қазтамақ, гортензия және өзге де сәндік өсімдіктер отырғызылады. Жол жиектеріне біржылдық гүлдер отырғызылады, маусым ішінде гүлдеп болғаннан кейін келесі маусымда өсіп шығатын гүл бадандары қолданылады.


Мамандар баданалы өсімдіктермен қатар, көпжылдық және біржылдық гүлдерді де егіледі. Бүгінде көпжылдық өсімдіктердің үлесін арттыру бойынша жұмыстар кезеңмен жүргізілуде, олардың қазіргі үлесі 17%, 2023 жылы 60%-ға жеткізу жоспарланған.



Гүлдер климаттық жағдайларға, көлемі мен қалпына, гүлзарлардың декаративтігіне қарай таңдалады. Биыл көпжылдық гүлдерді 15 мамырға дейін, біржылдық өсімдіктерді 10 маусымға дейін отырғызады. Ал баданалы өсімдіктер қазан және қараша айларында егіледі.



Биыл суару жұмыстарын қала бойынша күшейту жоспарланған. Мемлекеттік-жеке серіктестік аясында қаланы сәнді көгалдандыру жұмыстарына 400 маман мен 50 бірлік техника жұмылдырылды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Гүлдер #көгалдандыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көпбалалы әскери қызметшінің отбасында дүниеге үшем келді

Бүгін 21:37

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Жетісу ауданының жастарымен кездесті

Бүгін 21:26

Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

Бүгін 20:50

Паралимпиадалық орталық пен медициналық кешен: Алматы әкімі жаңа нысандардың жобаларын қарады

Бүгін 19:21

Almaty SuperSki жобасы аясында ғылыми зертхана салынады

Бүгін 19:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);