AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматыда шахматтан 26-шы жасөспірімдер арасындағы...

Алматыда шахматтан 26-шы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді

Спорт 10.06.2024, 15:20 1,187
Алматыда шахматтан 26-шы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласында 10-20 маусым аралығында шахматтан 26-шы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Жасөспірімдер арасындағы бұл турнирге әлемнің 34 елінен 650 ойыншы қатысады деп күтілуде. Жарысқа қатысушылар 7-18 жас аралығында және классика, рапид және блиц форматтарында бақ сынамақ.

Чемпионатты Kazchess/Қазақстан шахмат федерациясы мен ҚР Туризм және спорт министрлігі, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігі және Қазақстан теннис федерациясы Азия шахмат федерациясының қолдауымен ұйымдастырды. Шараның бас демеушісі ретінде Freedom Holding Corp. 

Азия чемпионаты – шахмат әлемінің болашақ жұлдыздары үшін маңызды алаң. Қатысушылар Иран, Жаңа Зеландия, Өзбекстан, Ресей, Вьетнам, Үндістан, Қырғызстан, Моңғолия, Сингапур, Қытай және Оңтүстік Корея сияқты елдерден келеді.

KazChess президенті Тимур Турловтың айтуынша, осындай беделді турнирді өткізу Қазақстанның шахматтағы позициясын нығайтуға және елімізде шахматты танымал етуге үлкен әсерін тигізеді. Сонымен қатар, чемпионат жас шахматшылар үшін байыпты бәсекелестік тәжірибе жинауға тамаша мүмкіндік болып табылады. Сонымен қатар, қатысушылар мен қонақтарға Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрлерімен таныстыруға, Алматының тұмса табиғатын көрсету жағын да ұмыт қалдырмаған. 

Чемпионатқа қатысушылардың арасында Қазақстаннан келген Алдияр Ансат пен СурешХарш (Үндістан) есімді екі халықаралық шебер және Амина Қайырбекова (Қазақстан) мен Мафтуна Бобомуродова (Өзбекстан) екі халықаралық әйелдер шебері бар.

Бұл шара Алматы қаласы мен Қазақстанның шахмат әлеміндегі беделін арттырып, жас шахматшыларға өздерін көрсетуге және жаңа есімдерді таныстыруға мүмкіндік береді. Турнирдің жоғары деңгейде ұйымдастырылуы мен қызықты іс-шаралар бағдарламасы қатысушылар мен қонақтарды қуантады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шахмат #спорт #халықаралық турнир
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Батыс жылу кешенінің ұжымымен кездесті

Бүгін 19:11

Нұрлыбек Нәлібаев отын-энергетика кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін 18:30

Трейдинг арқылы пайда табуды көздеген Тараз тұрғыны ақшасынан айырылып қалды

Бүгін 18:07

БҚО-да заңсыз айналымнан 220 келіден астам марихуана тәркіленді

Бүгін 17:51

Тараз перзентханасында бір күнде төрт ана егіз босанды

Бүгін 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);