AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Серкебаев даңғылы үш күнге жабылады

Алматыда Серкебаев даңғылы үш күнге жабылады

Әлеумет 09.08.2024, 16:39 1,054
Алматыда Серкебаев даңғылы үш күнге жабылады
Суретті түсірген - Қ.Қоныспаев

Алматыда Серкебаев даңғылы бойындағы көлік қозғалысына үш тәулікке сегменттер бойынша шектеу қойылмақшы, деп хабарлайды aqshamnews.kz «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-не сілтеме жасап.

Алматы қаласы Бостандық ауданындағы Ермек Серкебаев даңғылы бойындағы Березовский көшесінен бастап Есқараев көшесіне дейінгі аумақ 10 тамыздағы (сенбі) таңғы сағат 6-дан 13 тамыздағы (сейсенбі) таңғы сағат 10-ға дейін екі бағытта да автокөлік құралдарының қозғалысы үшін жабылады.

Уақытша шектеулер аталған көше бойындағы көлік жолы бөлігінің астынан өтетін құбырды жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіліп отыр.

Жаңғырту жұмыстары кезеңінде аталған тұтынушылар ыстық сумен бұрынғысынша үздіксіз қамтамасыз ете берілетін болады.

48 жыл бұрын (1976 жылы) пайдалануға берілген жалпы ұзындығы 1 шақырымнан асатын және жаңғыртылып жатқан жылу магистралі қазандықтардан мегаполистің оңтүстігіндегі аталған секторда орналасқан 19 тұрғын үйге, 2 балабақшаға және 39 басқа ғимараттарға жылу энергиясын беруді қамтамасыз етеді.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды және бұл аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруларыңызды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармаларының әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталары» сервистерінде орналастырылған.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Серкебаев даңғылы #Алматы жылу жүйесі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алматының жас жазушысы – 2026» қалалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін 17:30

Алматыда Балалар ғылыми музейі ашылады

Бүгін 17:10

Тоқаев әлемнің аса жоғары жылдамдықпен дамып келе жатқанына назар аударды

Бүгін 17:08

Халықаралық қонақ үй операторы Алматыда жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр

Бүгін 16:37

Мемлекет басшысы Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі

Бүгін 16:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика