Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда "Сергек" жобасының мерзімін 2026 жылға де...

Алматыда "Сергек" жобасының мерзімін 2026 жылға дейін ұзарту ұсынылды

Барлығы 30.12.2025, 12:13 420
Алматыда "Сергек" жобасының мерзімін 2026 жылға дейін ұзарту ұсынылды
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының Цифрландыру басқармасы мәслихаттың қарауына «Алматы қаласының жол қозғалысын талдау және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің зияткерлік жүйесі» («Сергек» МЖК) жобасы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын ұзарту туралы шешім жобасын енгізді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Бұл туралы депутаттар алдында баяндама жасаған Алматы қаласы цифрландыру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мейрам Дюсюков мәлімдеді.  

Негізгі тезистер:

▪️ «Сергек» МЖК жобасы 2021 жылдан бері іске асырылып келеді.
Шарт Алматы қаласының Цифрландыру басқармасы, Полиция департаменті және «Көркем Телеком» ЖШС арасында жасалған.

▪️ Бастапқыда 766 аппараттық-бағдарламалық кешен орнату көзделген.
Мемлекеттік міндеттемелер көлемі – 9,9 млрд теңге.

▪️ 2021 жылдан бері 4 рет қосымша келісім жасалып, кешендер саны 1641 АПК-ға дейін ұлғайтылды.

▪️ Қолданыстағы шарттың мерзімі 2025 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.
Осыған байланысты қала әкімінің тапсырмасымен жұмыс тобы құрылды.

▪️ Жұмыс тобы 4 әлеуетті жеткізушінің баламалы ұсыныстарын қарады, соның ішінде:
– «Сункар»,
– «Мерген»,
– Presight AI Kazakhstan,
– «Азимут» жүйелері,
сондай-ақ қолданыстағы серіктес – «Көркем Телеком» ұсынысы.

▪️ Екі айлық талдау нәтижесінде, конкурс өткізуге уақыттың болмауына байланысты, шартты бір жылға ұзарту ұсынылды.

Ұсынылып отырған өзгерістер:

  • Шарт мерзімін бір рет қана 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту;
  • Жеке серіктес есебінен қосымша 350 «Сергек» кешенін орнату;
  • Қызмет көрсету тарифі 2021 жылғы деңгейде сақталады, өсім болмайды.

Аталған өзгерістер «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» заң талаптарына толық сәйкес келеді және жеке серіктестің қосымша инвестиция салуын көздейді.

Осыған байланысты Алматы қаласы мәслихатының 2021 жылғы 30 сәуірдегі №35 шешіміне өзгеріс енгізу туралы шешім жобасы қарауға ұсынылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Сергек жобасы #ұзарту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ...

Бүгін 18:02

Доллар бағамы төмендеді

Бүгін 17:27

Зейнетақыдан 20 пайыз ұсталады деген рас па?

Бүгін 17:18

Алматы қорығындағы қоңыр аюлар ерте оянды

Бүгін 17:06

Алматылық гимнасттар 20 медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орын иеленді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика