конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда сейсмикалық қауіпсіздікті арттыру бағытын...

Алматыда сейсмикалық қауіпсіздікті арттыру бағытындағы БҰҰДБ-мен ынтымақтастық мәселелері қаралды

Алматы 08.05.2026, 10:01 400
Алматыда сейсмикалық қауіпсіздікті арттыру бағытындағы БҰҰДБ-мен ынтымақтастық мәселелері қаралды
Алматы әкімдігі

Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы (БҰҰДБ), Төтенше жағдайлар және апаттар қаупін азайту орталығының өкілдері, сондай-ақ Жапония сарапшылары қатысқан кездесу өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жиын барысында Жапония Үкіметі қаржыландыратын «Орталық Азия өңірінде апаттар қаупін азайту жүйесін нығайту» атты өңірлік жоба аясындағы өзара іс-қимыл тетіктері талқыланды.

Кездесу барысында Алматы қаласы әкімдігінің БҰҰДБ-мен ынтымақтастығын дамыту, қаланың жер сілкінісіне төзімділігін арттыру және сейсмикалық қауіптерді басқару саласындағы Жапонияның озық тәжірибесімен қоса, заманауи тәсілдерді енгізу мәселелері қозғалды.

Алматының сейсмикалық аймақта орналасуы әрі ірі әлеуметтік-экономикалық орталық ретіндегі мәртебесі ескеріле отырып, аталған бағыттың өзектілігі ерекше атап өтілді. Осыған байланысты қалалық қызметтердің дайындығын күшейту, халықты құлақтандыру тетіктерін жетілдіру және халықаралық үздік тәжірибелерді қолдану бағытындағы жүйелі жұмыстарға басымдық берілді.

Атап айтқанда, жапон сарапшылары жер сілкінісін болжау әлі де күрделі міндеттердің бірі екенін, ал халықтың сейсмикалық қауіптерді азайту жолдары туралы хабардарлығын арттыру дайындықтың ең сенімді тәсілі болып саналатынын жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әріптестікті одан әрі дамытуға және аталған жобаны кезең-кезеңімен іске асыруға дайын екенін білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сейсмика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қайтарылған активтер: Үкімет СҚО ауылдарын сумен қамтуға 2,7 млрд теңге бөлді

Бүгін 15:27

Биыл гранттардың 60%-ы инженерлік-техникалық бағыттағы мамандарды даярлауға беріледі

Бүгін 15:26

Жасанды интеллект еңбек нарығын өзгертуде: партиялар білім беру мен болашақ мамандықтарды талқылады

Бүгін 15:13

Биылдан бастап мектептерде жасанды интеллект оқытылады

Бүгін 15:05

Алматы – Вашингтон: Америка мектебіндегі бір жыл және болашақ білімге жаңа көзқарас

Бүгін 14:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);