AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда салмағы 1159 грамм, бойы 35 сантиметр бол...

Алматыда салмағы 1159 грамм, бойы 35 сантиметр болып туған нәресте аман-есен шығарылды

Медицина 30.03.2026, 11:20 480
Алматыда салмағы 1159 грамм, бойы 35 сантиметр болып туған нәресте аман-есен шығарылды
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы

Алматыдағы №2 қалалық перинаталдық орталықта салмағы небәрі 1159 грамм, бойы 35 сантиметр болып дүниеге келген нәресте ауруханадан шығарылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері хабарлады.

Нәресте 25 қаңтарда дүниеге келіп, алғашқы күннен бастап дәрігерлердің тұрақты бақылауында болды. 54 күн бойы орталық мамандары оған қажетті медициналық көмек көрсетті.

Емдеудің негізгі кезеңі жансақтау бөлімінде өтті. Мұнда жаңа туған нәрестелерді күтуге арналған заманауи жоғары технологиялық әдістер қолданылды. Дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің күш-жігерінің арқасында баланың жағдайы тұрақталды.

«Барлық медицина қызметкеріне кәсібилігі, қамқорлығы және ықыласы үшін алғыс білдіремін», — деді нәрестенің анасы Зумрат. Оның айтуынша, дәрігерлердің арқасында бәрі сәтті аяқталған.

Бүгін анасы мен сәбиі үйіне шығарылды.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында мұндай жағдайлар Алматыдағы мамандардың біліктілік деңгейінің жоғары екенін және перинаталдық көмектің дамып келе жатқанын көрсететінін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды

Бүгін 18:15

Аянат Жұмағали Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Бүгін 17:15

Алматыға «ТМД-ның 2026 жылғы спорт астанасы» сертификаты табысталды

Бүгін 16:57

Мерейтойлық Almaty Marathon-ға қатысқан шетелдіктер саны рекордтық көрсеткішті құрады

Бүгін 16:48

Алматы хайуанаттар бағында маралдардың екі төлі дүниеге келді

Бүгін 16:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);