AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Сайран су қоймасына қалқыма көпір салынды...

Алматыда Сайран су қоймасына қалқыма көпір салынды

Барлығы 02.08.2025, 13:28 1,052
Алматыда Сайран су қоймасына қалқыма көпір салынды
Алматы әкімдігі

Алматыда Сайран су қоймасына қалқыма көпір салынды. Абаттандыру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі 24kz-ке сілтеме жасап.

Қалқыма көпірдің ұзындығы 251 метр. Сайранның екі жағасын байланыстырып тұр. Оның ерекшелігі сол, әр қадам басқан сайын, судың сылдырын сезініп, көл бетімен кетіп бара жатқандай сезім сыйлайды. Көпір резеңкеден жасалған модульдік блоктардан салынып, жиналмалы 33 зәкірмен бекітілген. Құрылымы өте берік. Бір шаршы метрінің өзі 400 келіге дейін салмақты еркін көтереді. 

"Қауіпсіздік туралы айтатын болсақ, ол жағына алаңдауға негіз жоқ. Біз оны әбден сынақтан өткізіп көрдік. Адам түгілі жүк тиелген ауыр көлік жүріп өтсе де, көтере береді. Мәскеуде осы көпірдің құрылымын сатып алған кезде сол жерде де тексердік. Барлық қауіпсіздік талабына сай келеді. Одан қиыс кеткен жеріміз жоқ", - дейді жоба жетекшісі Ринат Зілмұхамедов. 

Сайран су қоймасы 1971 жылы салынған. Содан бері бірнеше рет жөндеу жүргізілгенімен  дәл осылай адам арнайы іздеп келетін көрікті орынға айналмаған. Бұл жолы оның жан-жағы адам танымастай өзгерді. Қала ортасынан оазис пайда болды. Қазір жақын маңда тұратын үлкен-кіші осы жерден табылады.

Сайранды абаттандыру жұмыстары әлі толығымен аяқталған жоқ. Қазір бұл жерде 200-ге жуық жұмысшы еңбек етіп жатыр. 

"Қыркүйекке дейін жұмысты аяқтауды жоспарлап отырмыз. Демалыс аймағының негізгі бөлігін абаттандыруға барынша ден қойдық. Оған қоса, автоматты өрт сөндіру жүйесін қайта құрып, баспалдақпен жүретін алаңның көпшілікке ыңғайлы , қауіпсіз болуын назарға алдық. Мұның барлығы, әрине, ең алдымен келушілердің жайлы жұүріп,  еркін серуендеуі үшін жасалып жатыр", - дейді қалалық қоғамдық кеңістікті дамыту басқармасының бөлім басшысының міндетін атқарушы Оңалбек Қыдырбаев.

Сайранның жағалауы екінші арбатқа айналуы мүмкін. Отбасылық серуен құрып, ұмытылмас кеш ұйымдастырып, қаланың әсем көрінісін тамашалауға болады. Мұнда қазірден серуендеуге келген кісі қарасы қалың. Музыкалық аспабын асынып, жанды дауыспен ән шырқаған өнерпаздар да баршылық. Ал суға түсуге тыйым салынған. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Сайран #Көпір
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);