AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда саяси реформалар бағдарламасын қолдаған м...

Алматыда саяси реформалар бағдарламасын қолдаған митинг өтті

Әлеумет 19.03.2022, 06:57 1,129
Алматыда саяси реформалар бағдарламасын қолдаған митинг өтті
azattyq-ruhy.kz

Алматыда AMANAT партиясы қалалық филиалының ұйымдастыруымен ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында жарияланған саяси реформалар бағдарламасын қолдау үшін митинг өтті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Митингке AMANAT партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов қатысып, жұртшылықты Жаңа Қазақстанды бірге құруға шақырды.



«Біздің бағытымыз – айқын, мақсатымыз – ортақ. Біз – көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарды бірлесіп жұмыс істеуге шақырамыз. Өзге партиялар билікке жетуді көздесе, біз ең әуелі Тәуелсіз Қазақстанның мүддесі үшін жұмыс істейміз. Ардақты ағайын, Абай атамыздан қалған аманат сөз бар: «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос». Сондықтан, күшіміздің бірлікте екенін көрсетіп, Жаңа Қазақстанды бірге құрайық! Біз біргеміз!» – деді Асхат Оралов.



Жиынға ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Ханкелді Әбжанов қатысып, қазақстандықтарды ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған саяси реформалар бағдарламасын қолдауға шақырды.



«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жүзеге асырып жатқан бастамалар мен реформалар ҚР Конституциясында паш етілген құқықтық мемлекет құруға жол ашатынына сенім мол. Біз саяси модернизациялаудың жаңа кезеңіне аяқ бастық. AMANAT партиясының дүниеге келуі - осының көрінісі. Тәуелсіздік – бабаларымыздың арманы әрі аманаты. Ал жаһандану тұсында арман мен аманат ақиқатқа айналу үшін елдегі ынтымақтан, келісімнен, кемел үнқатысудан артық дүние жоқ», - деді Ханкелді Әбжанов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жолдау #аманат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын өткізді

Бүгін 20:42

Бұралқы иттер мәселесі: қазақстан аулау, стерильдеу, вакцинациялау және босатудан неге бас тартқалы отыр?

Бүгін 20:37

Бұтақтыда экологиялық акция өтті: алматылық жастар «Бұлақ көрсең, көзін аш» акциясына қатысты

Бүгін 20:31

Мемлекет басшысы: «Жер шарын қорғау – ортақ міндетіміз. Бүгінгі саммит бізге осыны көрсетеді»

Бүгін 18:16

Алматыда ушу-саньдадан Қазақстан чемпионаты басталды

Бүгін 18:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика