конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматыда сәбиді құтқарған полицейге майор шені бер...

Алматыда сәбиді құтқарған полицейге майор шені берілді

Оқиға 26.08.2022, 03:00 1,108 Almaty-akshamy
Алматыда сәбиді құтқарған полицейге майор шені берілді
Сурет: Ашық дереккөзі

Полицейлер дәретхана шұңқырынан жаңа туған нәрестені алып шыққан 


Алматыда дәретхана шұңқырына тасталған сәбиді құтқарған полицей марапатталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен полиция капитаны Нұржан Шатунов өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, баланы құтқару кезінде көрсеткен батылдығы, ерлігі мен жанқиярлығы үшін майор шенін алды.


Сол бұйрықпен лейтенант Ғазиз Хамасқалиев үш жалақы мөлшерінде сыйақы алады.
Еске сала кетейік, кеше Алматыда полицейлер дәретхана шұңқырынан жаңа туған нәрестені алып шыққан еді.


Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, түнде сағат екіде кәмелетке толмаған қыздың түсік тастағаны туралы хабар берілген.


Оның ауруханаға жатқызылғаны белгілі болды.



«Дәрігерлермен сөйлескеннен кейін оқиға орнына барып, тексеруді жөн көрдім. Басыма «бала қайда?» деген сұрақ келді. Қыздың анасынан оқиғаға дейін оның сырттағы дәретханада біраз уақыт болғанын білдім. Дәретхана ішінен қан іздерін тауып, ішінде жатқан баланы көрдім. Ол тыныс алып жатты. Осы кезде жедел тергеу тобы келді, оның құрамында криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі Ғазиз Хамасқалиев болды. Дәретхананың еденінен тақтайларды тез алып тастадық. Әріптесім Ғазиз төменге түсіп, баланы қызметтік көйлегіне орап, абайлап шығарып алды», - деді Нұржан Шатунов.



Ал, 17 жасар қыздың анасы оның жүкті болғанын білмеген. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша Түрксіб аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінде тергеу амалдары басталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#полиция #Сәби #Шен #Майор
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Family Park аумағында тұрғын үй кешені немесе өзге де нысандар салу жоспарланбаған

Бүгін 14:09

Алматы қалалық кардиологиялық орталығының пациенті: «Операциядан кейін қайта өмірге келгендей болдым»

Бүгін 12:20

Алматыда жүрекке жылына 500-ден астам ашық ота жасайды

Бүгін 12:07

Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған QYZYLJAR MUSIC FEST – V фестивалі өтеді

Бүгін 12:05

Бағасы 79 миллион теңгеге дейін жететін жүрекке жасалатын операцияны алматылықтар МӘМС аясында тегін жасай алады

Бүгін 11:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);