AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда роботтандырылған эндопротездеу бойынша ха...

Алматыда роботтандырылған эндопротездеу бойынша халықаралық тәжірибе алмасу өтті

Алматы Бүгін 10:02 92 yakiya
Алматыда роботтандырылған эндопротездеу бойынша халықаралық тәжірибе алмасу өтті

Алматы қалалық Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында жамбас және тізе буындары хирургиясы саласындағы әлемге танымал маман, британдық ортопед-хирург, профессор Джон Конройдың қатысуымен халықаралық кәсіби тәжірибе алмасу іс-шарасы өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шара аясында MAKO роботтандырылған жүйесін қолдана отырып, тізе буынын толық және жартылай, жамбас буынын толық эндопротездеу бағытындағы заманауи тәсілдер таныстырылды. Кездесудің негізгі мақсаты - отандық мамандармен тәжірибе алмасу, озық технологияны таныстыру және буын хирургиясындағы жаңа мүмкіндікті кеңінен көрсету.

Профессор Джон Конрой - жамбас және тізе буындары хирургиясы саласында халықаралық деңгейде мойындалған маман, роботтың көмегімен жасалатын хирургия бағытындағы жетекші сарапшының бірі. Ол еңбек жолында 4 мыңнан астам буын эндопротездеу отасын, мыңға жуық роботтандырылған отаны, сондай-ақ көптеген күрделі қайта жасалатын ота мен артроскопиялық араласуды орындаған. Оның үстіне профессор MAKO технологиясы бойынша халықаралық нұсқаушы ретінде Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдерінің хирургтерін оқытып келеді.

Кездесу барысында профессор Джон Конрой клиникалық жағдайларды жан-жақты талдап, отаға дейінгі жоспарлау қағидаттарын түсіндірді, буын эндопротездеудегі дәлдіктің маңызына тоқталды және роботтандырылған жүйенің артықшылығын көрсетті. Сондай-ақ ота жасау бөлімінде тәжірибелік кезеңдерді көрсетіліп, хирургиялық тәсілдердің негізгі бағыттарын талқыланды.

Практикалық бөлімге ұсынылған 10 күрделі клиникалық жағдайдың ішінен екі пациент іріктеліп, оларға тізе буынына жоғары технологиялы эндопротездеу отасы сәтті жасалды. Операциялар MAKO роботтандырылған жүйесінің көмегімен жүргізілді. Бұл технология имплантты аса дәл орналастыруға, ота сапасын арттыруға және науқастың оңалу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.

Профессор Джон Конрой Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы мамандарының кәсіби деңгейін жоғары бағалап, мекеменің заманауи ортопедиялық технологияны енгізуге әлеуеті зор екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай бастама аймақта роботтандырылған хирургияны дамытуға жол ашады.

Аурухананың травматология және ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі Сағит Маханов халықаралық деңгейдегі әріптестермен тәжірибе алмасудың маңызы зор екенін айтты.

«Әлемдік деңгейдегі мамандармен тәжірибе алмасу бізге ота жасау тәсілдерін жетілдіруге, заманауи технологияны енгізуге және пациенттерге көрсетілетін көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл - еліміздегі жоғары технологиялы ортопедияны дамыту жолындағы маңызды қадам», - деп, профессор Джон Конройға және іс-шараны ұйымдастыруып өткізуге атсалысқан барлық маманға алғыс білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#хирургия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Теңге ілуден өтетін әлем чемпионатында Қазақстанның намысын алматылық спортшылар қорғайды

Бүгін 10:12

Бүгін - Халықаралық мейіргерлер күні

Бүгін 09:48

БҰҰ Бас хатшысы хантавирусқа қатысты мәлімдеме жасады

Бүгін 09:22

Құрбан айтта неше күн демалыс?

Бүгін 09:10

Еліміздің барлық өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);