Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда ревматологиялық ауруларды диагностикалау...

Алматыда ревматологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеу сапасын арттыру мәселесі талқыланды

Барлығы 13.02.2026, 14:14 236
Алматыда ревматологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеу сапасын арттыру мәселесі талқыланды
сурет: автордан

Алматыда «Ревматология, пульмонология, нефрология, гастроэнтерология және эндокринологиядағы сабақтас мәселелер» тақырыбында VII ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция жас және тәжірибелі ревматолог, терапевт, жалпы практика дәрігерлерін, пульмонолог, нефролог, гастроэнтеролог, эндокринолог және басқа да терапиялық бағыттағы мамандарды біріктірді.
Іс-шараны Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты және Қазақстан ревматологтар алқасы ұйымдастырды.

 «Біз өңірлік медициналық ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетеміз. Ревматологияда пәнаралық тәсіл аса қажет, себебі иммундық-қабыну аурулары жүйелі сипатқа ие және жиі коморбидті патологиялармен қатар жүреді. Ревматологтардың кардиологтармен, нефрологтармен, пульмонологтармен және басқа да мамандармен өзара іс-қимылы пациенттерді сараптамалық деңгейде жүргізуге, ауру белсенділігін бақылауға және қауіп-қатерлерді төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, институт мамандарының өңірлік әріптестермен өзара байланысы маңызды рөл атқарады», – дейді КІАҒЗИ Басқарма төрағасы Рүстем Төлеутаев.

Институттың Басқарма төрағасының терапиялық қызмет жөніндегі орынбасары Ғалымжан Тоғызбаевтың айтуынша, түрлі бағыттағы мамандардың күш-жігерін біріктіру пәнаралық өзара іс-қимылды жетілдіруге, ревматологиялық аурулары бар пациенттерді диагностикалау мен емдеу сапасын арттыруға ықпал етеді.

Ғылыми бағдарлама аясында аутоиммундық ревматологиялық аурулар кезіндегі өкпенің интерстициалды аурулары, созылмалы бүйрек ауруын пәнаралық жүргізу, ревматикалық патологиялардағы эндокриндік бұзылыстар, гастроэнтерологиялық асқынулардың клиникалық аспектілері, сондай-ақ псориаздық артритті, анкилозды спондилоартритті және жүйелі қызыл жегіні емдеудің заманауи стратегиялары ерекше назарға алынды.

Конференция барысында жетекші қазақстандық сарапшылар жүйелі аутоиммундық аурулардың жіктелуі, диагностикасы және емделуі жөніндегі заманауи деректерді ұсынды, күрделі коморбидті пациенттерді жүргізудің қазіргі клиникалық тәсілдері, нақты клиникалық жағдайлар мен тәжірибелік шешім қабылдау алгоритмдері талқыланды.
Конференция тәжірибе алмасу, мазмұнды пікірталастар өткізу және пациенттер мүддесі үшін мультидисциплинарлық тәсілдерді дамытуға арналған кәсіби алаңға айналды.

Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ғылым #бағдарлама #дәрігер #медицина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ...

Бүгін 18:02

Доллар бағамы төмендеді

Бүгін 17:27

Зейнетақыдан 20 пайыз ұсталады деген рас па?

Бүгін 17:18

Алматы қорығындағы қоңыр аюлар ерте оянды

Бүгін 17:06

Алматылық гимнасттар 20 медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орын иеленді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика