AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Республика күні қалай мерекеленеді?

Алматыда Республика күні қалай мерекеленеді?

Әлеумет 19.10.2022, 08:44 1,806
Алматыда Республика күні қалай мерекеленеді?
7-su.kz

Республика күніне арналған мерекелік және ресми іс-шаралар барлық сегіз ауданда өтеді. Қалада барлық жерде түрлі конкурстар, көрмелер, жәрмеңкелер және басқа да мәдени-танымдық іс-шаралар  ұйымдастырылады.


21 қазан күні сағат 11:00-де  Қазақстан-Британ техникалық университетінің әл-Фараби атындағы залында Республика күніне арналған ғылыми-практикалық конференция өтеді.


Аталған іс-шараға XII шақырылымдағы ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің тарихи құжат қабылданған бұрынғы депутаттары, ғылыми зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, Алматы мәслихатының, қалалық мемлекеттік құрылымдардың депутаттары қатысады.         


22 қазан күні сағат 12:00-де Қазақстан-Британ техникалық университетінде мемлекеттік және ведомстволық наградалар, алғыс хаттар  салтанатты түрде тапсырылады.


22 қазан күні сағат 17:00-де Республика сарайында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен салтанатты концерт өтеді. Салтанатты концертке қала зиялылары, мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өкілдері, саяси партиялардың өкілдері, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, студенттер, әскери қызметшілер шақырылады.


23 қазан күні сағат 7:00-ден 13:00-ге дейін Charity Music Nur жаппай қайырымдылық жарысы өтеді.  Жарыс Тұңғыш Президент саябағынан басталады. Қатысушылардың жоспарланған саны – 1700-2000 адам. Жарыс келесі қашықтықтарда өткізіледі: балалар жарысы (2 км – 7-14 жас), скандинавиялық серуендеу (10,5 км), 10,5 км жүгіру және 21 км. қатысушылардың жиыны сағат 6.00-де.


25 қазан күні сағат 11:00-де «Медеу» биік тау кешенінің алдындағы алаңда «Патриотизм дауысы» акциясы аясында мемлекеттік Ту салтанатты түрде көтеріледі және Әнұран орындалады. Салтанатты рәсімде мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өкілдері, саяси партиялардың көшбасшылары, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, студенттер, әскери қызметшілер (құрметті қарауыл, әскери-үрмелі оркестр) болады.    


Сондай-ақ, осы уақытта қаланың барлық аудандарында Мемлекеттік Әнұран жаппай орындалады. (Алатау ауданы – Almaty Arena мұз сарайының аумағында, Алмалы ауданы – ҚБТУ ғимаратының алдында, Әуезов ауданы – Алматы көпсалалы колледжі ғимаратының алдында, Бостандық ауданы – MEGA Almaty – Розыбакиева, Жетісу ауданы – «Гүлдер» саябағы, Медеу ауданы – Ғылым ордасы ғимаратының алдындағы алаң, Наурызбай – аудан әкімдігі ғимаратының алдында, Түрксіб – Сауранбаев көшесіндегі Арбатта).


Әнұранды орындағаннан кейін ЖОО, колледж және әскери оқу орындары студенттерінің қатысуымен «Қыран елім – Қазақстан» флешмобы өтеді.


25 қазан күні сағат 10:00-де «Ұлттық дала ойындары» республикалық ұлттық спорт түрлерінің фестивалі өтеді. Өтетін орны – Омаров көшесі, 10а мекенжайдағы Алматы ипподромы.        


25 қазан күні сағат 17:00-де қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Астана» алаңында мерекелік концерт өтеді.


Концерттен кейін мерекелік салют болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #республика #мереке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді

Бүгін 17:49

Алматының қуыршақ театры ашық аспан астында әз-Наурыз қойылымын ұсынды

Бүгін 17:20

Наурызнама: Алматы жастары «Тазару күніне» орай концерт пен флешмоб өткізді

Бүгін 17:12

«AMANAT» партиясы жаңа Конституциядағы экологиялық құндылықтарды жүзеге асыруда

Бүгін 17:05

Алматы әкімі «Тазару күніне» арналған жалпықалалық сенбілікке қатысты

Бүгін 16:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика