AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда реновация бағдарламасы аясында 35 жоба жү...

Алматыда реновация бағдарламасы аясында 35 жоба жүзеге асырылып жатыр

Алматы 17.07.2026, 17:03 395
Алматыда реновация бағдарламасы аясында 35 жоба жүзеге асырылып жатыр

Алматыда қалалық реновация бағдарламасы аясында тұрғын үй қорын жаңарту жұмыстары жалғасуда, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. Бұл туралы қала әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді.

Қазіргі таңда мегаполисте 35 реновация жобасы іске асырылып жатыр. Жыл басынан бері тозығы жеткен үйлердің 432 меншік иесі жаңа баспанаға қоныстанса, жыл соңына дейін тағы 1165 тұрғынды көшіру жоспарланған. Бағдарламаға қатысушыларға «бөлмеге бөлме» қағидаты бойынша жаңа пәтер немесе ақшалай өтемақы ұсынылады.

Қала әкімі бағдарламаның жүзеге асу қарқыны күткендей емес екенін атап өтіп, оған тұрғын үйлерді сатып алу рәсімдері мен заңнамалық өзгерістер әсер еткенін айтты.

Осыған байланысты Дархан Сатыбалды әрбір нысан бойынша қосымша талдау жүргізуді, белгіленген мерзімді сақтамайтын немесе құрылыс сапасына қойылатын талаптарды орындамайтын мердігерлермен жасалған келісімшарттарды бұзу мәселесін қарастыруды тапсырды.

Сонымен қатар қаладағы нүктелік құрылыстың алдын алу мақсатында реновация жобалары кварталдық қағидат бойынша кешенді түрде жүзеге асырылатыны айтылды. Бұл тәсіл бірыңғай сәулеттік келбетті сақтап, көршілес кварталдардың үйлесімді дамуына мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Бүгін 19:45

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

Бүгін 19:15

Мемлекет басшысы АӨСШК VII саммитінде сөз сөйледі

Бүгін 18:03

Алматыда жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары күшейтіліп жатыр

Бүгін 16:54

Алматыда инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);