AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Райымбек даңғылында BRT жобасын жүзеге ас...

Алматыда Райымбек даңғылында BRT жобасын жүзеге асыру қашан басталатыны белгілі болды

Әлеумет 06.08.2024, 15:54 816
Алматыда Райымбек даңғылында BRT жобасын жүзеге асыру қашан басталатыны белгілі болды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда сарапшылар Райымбек даңғылындағы BRT құрылысын бірнеше кезеңге бөлуді ұсынды

 

Алматыда көлік саласындағы сарапшылар, урбанистер және БАҚ өкілдері Райымбек даңғылында Пушкин көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі BRT дәлізінің бірінші учаскесінің жобасы ұсынылған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Жобаны халықаралық консультанттар мен Алматы көлік жүйесін дамыту жобалық кеңсесінің қолдауымен «Алматыбасжоспар» ғылыми-зерттеу институты әзірледі.

Әзірлеушілердің айтуынша, жоба аясында минималды үзілістермен арнайы жолақтар жасау, жаңа аялдама кешендерін орнату, сондай-ақ «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша даңғыл бойын кешенді көріктендіру көзделген.

«Қақтығыс нүктелері аз болатын учаскелерде арнайы жолақтар жолдың шетінде болады. Тұрақ орындарын сақтау қажет немесе көрші аумақтардан шығатын жолдар көп болған жерлерде, арнайы жолақтар бульвар бөлігінің бойында орналасады. Осылайша, барлық қозғалыс қатысушысының мүддесі барынша ескеріледі. Аялдамаларды платформаларда жабдықтап, қиылыстарға жақын орналастыру жоспарлануда. Бұл ретте, автокөліктердің негізгі жолақтары сақталады», - деді «Алматыбасжоспар» басшысы Асхат Сәдуов.

Сонымен қатар, оның айтуынша, биыл Қонаев көшесінен Чайковский көшесіне дейінгі бульварлық бөлікті көріктендіру жұмыстары жүргізіледі.

«Біз көшені «қасбеттен қасбетке дейін» қағидасы бойынша жобаладық, яғни тек жол бөлігін ғана емес, сонымен қатар тротуарларды, аулаларын, көгалдандыруды да қамтыдық. Қасбеттер бірыңғай дизайн-кодқа келтіріледі. Жобаның мемлекеттік сараптамасы шілде айының ортасында ғана аяқталды, біз әрине, қорытындыны ертерек аламыз деген едік, бірақ «кешенділікті» ескеріп, жобаны екі рет жасауға тура келді. Қыркүйек айында Сейфуллин даңғылынан Ахрименко көшесіне дейінгі және Ахрименко көшесінен «Барлық» базарына дейінгі BRT дәлізінің екінші бойынша жобалау жұмыстары аяқталады деп күтілуде», - деді Асхат Сәдуов.

Өз кезегінде кездесуге қатысқан сарапшылар бұл жобаның Алматының қоғамдық көлік жүйесін дамыту және қала тұрғындарының мобильдігін арттыру үшін маңыздылығын атап өтті. Олардың пікірінше, 2030 жылға дейін қаланың көлік қаңқасының бекітілген шебер жоспары аясында әзірленген Райымбек даңғылы бойынша BRT дәлізі жоғары талаптарға жауап береді және ол қала тұрғындарының көңілінен шығады.

«BRT дәлізі шынымен де қоғамдық көліктің тартымдылығын арттыра алады, бұл факт. Бірақ бізді оның жүзеге асырылу мерзімі алаңдатады. Райымбек – көлік өте көп жүретін көше, қыркүйекте сабақ басталып, студенттер келеді және егер дәл осы кезеңде құрылыс жұмыстарын бастасақ, коллапс болады деп ойлаймын. Сондықтан, жұмысты келесі жылы бастаған дұрыс емес пе?», - деді  «Жалпы жол» қауымдастығының жетекшісі Арсен Шакуов.

Роман Барабановтың пікірінше, бүкіл көшені бірден реконструкциялау орынды болар еді.

«Даңғылды бірнеше сегментке бөліп, әрқайсысына әртүрлі мердігерлерді анықтау менің ойымша қисынсыз. Мұндай жағдайда бақылау және сапаны қамтамасыз ету қиын болады. Егер бөліп істесеңіз, жоба жұмыс істемейді. BRT дәлізі тиімді болуы үшін бүкіл даңғылды реконструкциялауға тырысу керек, ең болмағанда кейбір аймақты алдымен таңбалап жасауға болады», - деді Роман Барабанов.

Талқылау қорытындысы бойынша, сарапшылар қауымдастығының пікірін ескере отырып және қала тұрғындары үшін қолайсыздықты азайту мақсатында жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын келесі жылдың сәуір айында бастау туралы шешім қабылданды.

«Күзде біз BRT дәлізінің бірінші кезеңінің екі учаскесіне, яғни Пушкин көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін және Сейфуллин даңғылынан Ахрименко көшесіне дейінгі мердігер ұйымды анықтау үшін байқау жариялауды жоспарлап отырмыз. Биыл инженерлік желілерді қайта құру, өсті бөлу сияқты дайындық жұмыстарын бастап, «Саяхат» маңында ірі аялдама кешендерінің құрылысын аяқтаймыз. Ал екі учаске бойынша негізгі құрылыс-монтаждау жұмыстарын келесі құрылыс маусымынан бастаймыз», - деді Қалалық мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Райымбек даңғылы #BRT құрылысы #көлік саласы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның он қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін 09:37

Жыл басынан бері 3,3 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Бүгін 09:07

Көктемгі әскерге шақыру: 21 мыңнан астам жас азамат армия қатарын толықтырады

Бүгін 08:53

Тұман, жел: 18 наурыздың ауа райы болжамы

Бүгін 08:39

Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір қазақстандықтарға мемлекеттік наградаларды табыстады

Кеше 17:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика