Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда қыс қарсаңында ауқымды тазарту жұмыстары...

Алматыда қыс қарсаңында ауқымды тазарту жұмыстары жүргізіледі

Әлеумет 25.11.2024, 16:36 840
Алматыда қыс қарсаңында ауқымды тазарту жұмыстары жүргізіледі
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда қыс қарсаңында 25-30 қараша аралығында ауқымды тазалау жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz 

«Таза Қазақстан» жалпы республикалық бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында көше-жол желісін, жалпыға қолжетімді орындарды, өзен арналарын, көше урналарын және арық желісін ауқымды тазалау жүргізіледі, сондай-ақ инженерлік желілер құрылысы жүргізілген жолдарды орташа жөндеу және учаскелерді асфальттау жұмыстары аяқталады.

Тазалық апталығы аясында қалалық коммуналдық қызметтер қаланы суық ауа райы мен қардың  түсуіне дайындауды аяқтайды. Қысқы кезеңде қалаға қызмет көрсету үшін 841 бірлік техника мен 1 400 жол жұмысшысы тартылатын болады. Жұмыстарды тиімді жүргізу үшін «Алматы тазалық» МКК автопаркі 32 заманауи машинамен толықтырылды. Санитарлық тазалау жалпы ауданы 25,1 млн м2 және ұзындығы 2 777 км 2 318 көшені қамтиды. Көше-жол желісін тазалау 10 мердігер ұйымның күшімен жүзеге асырылады.

Ұзындығы 1 525 км қаланың арық желісін тазартуға ерекше назар аударылатын болады. Күн сайын 80 бірлік техника мен 320 жұмысшы арық желісінен шамамен 160 текше метр сметаны, лай мен қоқысты шығарады. Шығарындылар негізінен пластиктен және жапырақтардан тұрады.

«Eco Almaty» ЖШС әл - Фараби даңғылынан Сәтпаев көшесіне дейінгі учаскедегі Үлкен Алматы өзендерінің арналарын, әл -Фараби даңғылынан Шевченко көшесіне дейінгі учаскедегі Есентай өзенін, сондай-ақ ұзындығы 19,2 км Алматы қаласы шегіндегі Д. Қонаев атындағы ҮАК тазалау жұмыстары жүргізіледі. Кәсіпорын қызметкерлері өзен арналарын лай, қоқыстардан тазартады және шөптерді шабады.

Сондай-ақ, 30 қарашаға дейін ұзындығы 3 км 5 учаскедегі жолдарды орташа жөндеу және инженерлік желілер құрылысы жүргізілген учаскелерді асфальттау жұмыстары аяқталады.

Биылғы жылы жолдардың орташа жөндеуімен ұзындығы 223,4 км 255 көше қамтылды.Сондай-ақ, қала әкімінің тапсырмасы бойынша 22 нысанда 20 км жылу желілері қайта жаңартылды, оның 18-де абаттандыру жұмыстары толық аяқталды, қалған 4-інде 30 қарашаға дейін Тазалық апталығы аясында аяқталатын болады.

Бұдан басқа, бүгінде 2 мыңға жуық кәсіпкер абаттандыру паспортына қол қойды. Бизнес субъектілеріне абаттандыру паспорттарын тапсыру "Таза Қазақстан" бағдарламасы және Алматы қаласын абаттандырудың жаңа қағидалары аясында жүзеге асырылады. Бұл қадамдар алматылықтар мен қала қонақтары үшін қолайлы, қауіпсіз және экологиялық жағдай жасау стратегиясының бір бөлігі болып табылады.

Алматыда барлығы 6 мыңнан астам нысан паспорттауға жатады. Абаттандыру паспортына екі тарап – аудан әкімдігі мен кәсіпкер қол қояды, бұл рәсімді барынша ашық етеді. Паспорттау процесі 2025 жылдың сәуір айында аяқталады деп жоспарлануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Таза Қазақстан #Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика