AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда құрылысты салып бітіретініне кепілдік бер...

Алматыда құрылысты салып бітіретініне кепілдік беретін тұрғын үйді реновациялау тетігі енгізіле бастады

Әлеумет Бүгін 13:48 49
Алматыда құрылысты салып бітіретініне кепілдік беретін тұрғын үйді реновациялау тетігі енгізіле бастады
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында «Қазақстанның тұрғын үй компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Исламбек Қайырбеков осылай деп мәлімдеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Апатты жағдайдағы және тозған тұрғын үйлерді реновациялаудың жаңа тетігі Бірыңғай операторға құрылыс жұмысын аяқтауға кепілдік беріп, меншік иелерін аумағы тура сондай жаңа тұрғын үйге көшіруге сеп болмақ.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен «Қазақстанның тұрғын үй компаниясы» АҚ бірлесіп әзірлеген бұл тетік тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы қолданыстағы заңнамаға негізделді. Заңнамаға 2026 жылғы 12 наурыздан бастап өзгеріс еніп, құрылыс кодексінің жеке

леген нормасы биыл 1 шілдеден бастап қолданысқа енді. Маусым айында жаңарту аясында кепілдік беруді реттейтін қалған нормативтік-құқықтық актілер бекітілді.

«Негізгі қағидаттың бірі – «бөлме орнына бөлме» форматы. Меншік иесіне көлемі тура сондай жаңа үй беріледі. Апатты жағдайдағы және тозған тұрғын үйді нарықтық құны бойынша сатып алу мүмкіндігі де қоса қарастырылған. Бұл ретте кепілдік жағдайы туындаған кезде Бірыңғай оператор құрылыстың аяқталуына кепілдік береді», – деп түсіндірді Исламбек Қайырбеков.

Бастаманы іске асыруға жергілікті атқарушы органдар, инвестор немесе құрылыс салушы, «Қазақстанның тұрғын үй компаниясы» АҚ және апаттық жағдайдағы әрі тозығы жеткен тұрғын үйдің меншік иелері қатысады. Жергілікті атқарушы органдар реновация аймағын айқындап, нысандардың тізімін жасап, жариялайды. Қажет болған жағдайда инженерлік коммуникацияларды жүргізу жағын да қамтамасыз етеді.

«Құрылыс салушы өз кезегінде меншік иесімен келіссөз жүргізіп, уақытша тұрғын үймен қамтамасыз етіп немесе оны жалға алуға жұмсалған шығынды өтейді. Сондай-ақ жылжымайтын мүлікті бағалап барып толық сатып алуға болады. Барлық меншік иесінің келісімі алынған соң ҚТК кепілдік беру туралы шартқа қосылып, кепілдік жағдайы туындаған кезде құрылыс жұмысын аяқтау бойынша міндеттемені өз мойнына алады», – дейді спикер.

Меншік иелері үшін реновация аясында тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасасу қарастырылған. Шарт «Қазреестр» ақпараттық жүйесінде міндетті түрде тіркеледі.

Исламбек Қайырбековтің айтуынша, жаңа құрал 2023–2029 жылға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында жергілікті атқарушы органдардың уәкілетті ұйымдарының қатысуымен жүзеге асырылатын классикалық реновация тетігін толықтырады. Осылайша, республикалық деңгейде Бірыңғай оператордың кепілдігін қолдану арқылы тұрғын үй қорын жаңартудың қосымша нарықтық тетігі қалыптастырылды.

«Бұл тетіктің енгізілуі апатты және тозығы жеткен тұрғын үйдің тұрғындарының қорғалу деңгейін арттырып, реновация жобасына жеке инвестиция тартып, тұрғын үй қорын замандық стандарт пен жайлы өмір сүруге қолайлы ете отырып жаңартуға мүмкіндік бермек. Үлескерлер үшін екінші деңгейлі банктерден салынып жатқан тұрғын үйге ипотекалық қаржыландыру тарту мүмкіндігі де қарастырылған», – деді спикер.

Құрылыс жұмысының кешенді сипатына да ерекше көңіл бөлінеді. ҚТК тиісті жобаларды жеңілдетілген шартпен қаржыландырады. Тұрғын үйдің жалпы алаңы кемінде 10 мың шаршы метр болуы тиіс. Жоба әлеуметтік және коммерциялық инфрақұрылымды, оның ішінде жаяу қолжетімді жерде мектеп, емхана мен балабақшаның болуын қарастыруы және бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес келуі қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тұрғын үйлер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ЖИ-ді дамыту жағдайында кадр даярлау жүйесінің жаңа моделі қалыптасуда

Бүгін 14:45

Қазақстан World Cleanup Day акциясына қосылады

Бүгін 14:36

Қазақстанда бағалардың маусымдық төмендеуі жалғасуда

Бүгін 14:31

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Бүгін 14:31

Алматыда VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегері Арман Қошқаров марапатталды

Бүгін 14:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);