AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда құрғақ шөптің өртенуі азайды – ТЖД

Алматыда құрғақ шөптің өртенуі азайды – ТЖД

Әлеумет 16.04.2026, 12:05 182 yakiya
Алматыда құрғақ шөптің өртенуі азайды – ТЖД
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда құрғақ шөптің өртенуі бірте-бірте азайып барады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алдын алу жұмысын күшейткеннің арқасында осындай нәтижеге қол жеткіздік. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматыдағы Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Константин Канин осылай деп хабарлады.

Оның айтуынша, Алматы аумағында ірі орман алқаптары жоқ, бірақ табиғи қордың едәуір бөлігін таулы және орман-саябақ аймақтары құрайды. Олардың қатарында Іле-Алатау ұлттық паркінің 20 мың 805 гектар аумағы, «Медеу» табиғи паркі (708,2 га), сондай-ақ Баум тоғайы (137,7 га) бар. Жыл басынан бері жалпы аумағы 1,3 гектар болатын осындай 51 өрт тіркеліпті. Бұл былтырғы осы уақытпен салыстырғанда едәуір төмен екен.

«Тұрғындар от жаққан кезде абайламайды, тұрмыстық қалдықтан да кейде өрт шығып, құрғақ шөп лезде лап ете түседі», — дейді Константин Канин.

Өрт қаупі артатын маусым қарсаңында қалада бірнеше алдын алу жұмысы қолға алынды. Атап айтқанда, тұрғын үйлердің шекаралары мен тау бөктерінде минералдандырылған жолақтар жасалып жатыр. Аудан әкімдіктерімен бірлесіп, мұндай учаскелердің 5,5 шақырымнан астамы жабдықталып, 10 гектар аумақтағы тез тұтайтын қураған өсімдік шабылған.

Өрт ошағын ерте анықтап, өрт қауіпсіздігінің ережесін сақтау қажеттігін туристерге ескерту мақсатында Шымбұлақ, Медеу мен Бутаковка шатқалының үш жерінде ұшқышсыз ұшатын аппарат қолдана бастаған, сондай-ақ камерамен жабдықталған бейнебақылау жүйесі де жұмыс істейді.

Сонымен қатар «Көк-Төбе» телерадио мұнарасында екі бейнекамера және Алатау ауданының индустриялық аймағында бір камера орнатылған.

Сонымен қатар қалада орман-саябақ және тау бөктері аумақтарында күн сайын кезекшілік атқаратын жедел әрекет ететін топтар да құрылған.

Жедел әрекет ету мақсатында биылғы 30 наурыздан бастап Іле-Алатау ұлттық паркі, «Көк-Төбе» паркі мен Шымбұлақтың аумағында механикаландырылған күзет қызметі жұмыс істей бастады.

«Өртке көбіне адам себеп болып жатады. Сондықтан біз түсіндіру жұмысын күшейтіп, тұрғындарға қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау қажеттігін барынша ескертіп жатырмыз», — деп атап өтті спикер.

Тұрғындар мен туристер өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтауы керек:

– демалыс орнында қоқыс пен тез тұтанатын қалдық қалдырмаңыз;

– жанып тұрған сіріңке мен темекі тұқылын тастамаңыз, құрғақ шөпті әдейі өртеуге жол бермеңіз;

– от пен мангалды арнайы жабдықталған жерде ғана пайдаланыңыз.

Сонымен бірге:

– өсімдігі қурап тұрған аумақта;

– ағаштың асты мен орман-саябақ аймағында;

– жанғыш материалдан жасалған шатыр мен құрылыстың астында;

– парктер, арнайы жабдықталмаған демалыс аймақтарында;

– тұрғын үйлерде, сондай-ақ балкондар мен лоджияларда;

– құрылыста, гаражда, шатыр мен төбеде;

– ғимараттар, құрылыстар мен жанғыш материалдар сақталатын орындардың маңында

Өрт қаупі артатын кезде ашық от жағуға қатаң тыйым салынады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#өрт қауіпсіздігі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);