AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда қоқыс өңдейтін зауыт құрылысының капсулас...

Алматыда қоқыс өңдейтін зауыт құрылысының капсуласы салынды

Алматы Бүгін 17:14 52 yakiya
Алматыда қоқыс өңдейтін зауыт құрылысының капсуласы салынды
Алматы әкімдігі

Алматыда қоқыс өңдейтін зауыт құрылысының капсуласы салынды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда электр қуатын өндіретін заманауи қоқыс өңдеу зауытының құрылысына капсула салу рәсімі өтті. Іс-шараға Алматы әкімі Дархан Сатыбалды, «Junxin Environmental Protection» компаниясының төрағасы Даи Даогуо, мемлекеттік органдар, бизнес және қоғам өкілдері қатысты.

Жоба Мемлекет басшысының экологиялық ахуалды жақсарту және экологиялық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында, сондай-ақ «Таза Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде қолға алынған.

Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Дархан Сатыбалды Қазақстан мен Қытайдың стратегиялық серіктестікті дәйекті түрде нығайтып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, бірлескен экологиялық жобаларды жүзеге асыру – екіжақты ынтымақтастықтың маңызды бағыты.

«Бүгін Алматы мен Қазақстан үшін маңызды экологиялық жобалардың бірі бастау алып отыр. Жаңа зауыт қатты тұрмыстық қалдықтарды тиімді өңдеп қана қоймай, қаланың энергиямен жабдықтау жүйесіне электр қуатын өндіруге мүмкіндік береді», — деді Алматы әкімі.

«Junxin Environmental Protection» компаниясының төрағасы Даи Даогуо бұл жоба Қазақстан мен Қытайдың жасыл экономика және тұрақты даму саласындағы стратегиялық ынтымақтастығының нәтижесі екенін айтты.

«Бүгін бастау алып отырған жоба қалдықтарды өңдеу мен электр қуатын өндірудегі озық технологияды енгізудің үлгісіне айналады. Ол Алматыдағы тұрмыстық қалдықтар мәселесін тиімді шешіп қана қоймай, қалдықтарды «жасыл» энергия көзіне айналдыруға мүмкіндік береді. Біз іс жүзінде «қалдықтан — ресурсқа» қағидатын жүзеге асырып отырмыз. Бұл «Жасыл Жібек жолы» бастамасының экологиялық әрі тұрақты даму ұстанымдарына толық сәйкес келеді», — деді Даи Даогуо.

Зауыттың қуаттылығы тәулігіне шамамен 2 мың тонна қалдық өңдеуге және 60 мегаваттқа дейін электр қуатын өндіруге мүмкіндік береді. Жобаға салынатын инвестиция көлемі 130 млрд теңгеден асады.

Зауыт Сингапур, Копенгаген және Токио секілді әлемнің жетекші қалаларында қолданылатын жоғары халықаралық экологиялық стандарттарға сай болады. Кәсіпорын қоршаған ортаға әсерді барынша азайту қағидатымен және заманауи тазарту технологияларын қолдану арқылы жұмыс істейді.

Айта кетейік, «Junxin Environmental Protection» компаниясының осындай жобаларды жүзеге асыруда халықаралық тәжірибесі бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#зауыт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөйледі

Бүгін 18:18

Алматыда «Қазақстанның қолжазба мұрасы: сақтау, зерттеу және цифрлық гуманитаристика» атты халықаралық конференция өтеді

Бүгін 18:02

Алматыда құлпынай маусымы басталды: балғын әрі сапасы тексерілген өнімді демалыс күнгі өтетін жәрмеңкеден сатып алуға болады

Бүгін 17:59

Мүмкіндік алаңы: Алматыда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Бүгін 16:41

Алматыда биыл жазда балаларға арналған жаңа даму және шығармашылық орталығы ашылады

Бүгін 16:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);