Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Алматыда қолжетімді тұрғын үйлер көптеп салына бас...

Алматыда қолжетімді тұрғын үйлер көптеп салына бастады 

Экономика 24.08.2021, 15:01 1,656
Алматыда қолжетімді тұрғын үйлер көптеп салына бастады 
almaty-akshamy.kz

Қалалық жайлы орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы кезінде Алматыда жаңа тұрғын үйлердің құрылыс қарқыны туралы айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Сапар Нұрашев «Нұрлы жер» бағдарламасы тұрғындардың тұрғын үйге қолжетімділігін арттырудың жаңа тәсілдерін дамытуға бағытталғанын баса айтты. Оның айтуынша, биыл қаладағы жүздеген отбасы баспаналы болады. 2021 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыруға 40 млрд теңге бөлінген. 


Биыл қолжетімді тұрғын үйлердің ауқымды құрылысы жалғасуда. Мемлекеттік бағдарлама аясында Алматы қаласында ағымдағы жылы жалпы ауданы 248,5 мың шаршы метр болатын немесе 3 937 пәтерлі қолжетімді тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары бекітілді. Оның ішінде 1 889 пәтер тұрғын үй сатып алу құқығынсыз жалға беріледі және 2 048 пәтер банк салымшылары мен жергілікті атқарушы органдардың кезегінде тұрғандар үшін несиелік тұрғын үйге арналған. 



«Бірінші жартыжылдықта Алматыда Наурызбай ауданының «Алма Сити-5» тұрғын үй кешенінде 38 үйдің құрылысы аяқталды. Бұл Алатау ауданының Мәдениет шағынауданындағы 1 110 пәтер немесе 239,29 мың ш.м және төрт үй, бұл 144 пәтер немесе 12,66 мың ш.м», - деді Сапар Нұрашев. 



Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 1254 пәтерлі немесе 82,37 мың шаршы метр 44 үй пайдалануға берілді. 
 
Сонымен қатар, Түрксіб ауданында өткен жылдың соңында «Жас қанат-2» шағынауданын дамыту басталды, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы тоғыз қабатты 41 үйдің құрылысын қарастырады, оның ішінде 35 үйде құрылыс жұмыстары басталды. Сонымен қатар, мұнда 1 500 балаға арналған мектеп салынады. Қалған алты үйге конкурс жарияланды. Олардың құрылысы биыл басталып, 2022 жылы аяқталады. 
 
Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы тұрғын үй кешендері құрылысының аяқталуы бірқатар мемлекеттік бағдарламалар аясында қалалықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ететінін айтты. 1 254 пәтердің барлығы несиелік баспана ретінде беріледі. 
 
Сонымен қатар, биыл Түрксіб ауданындағы «Жас қанат» шағынауданында тұрғын үй кешенінің құрылысы басталды. 35 тоғыз қабатты тұрғын үй немесе 2 705 пәтер салу жоспарлануда. Пәтерлердің жалпы ауданы 163,1 мың шаршы метрді құрайды. 



«Тұрғын үй салумен қатар білім беру мен денсаулық сақтаудың әлеуметтік нысандарын кешенді дамыту жүруде. Құрылысты жүргізушлер өздерінің меншік учаскелерінде  мектептер, балабақшалар мен медициналық мекемелер салуды да қарастырған. Кейіннен бұл нысандар қаланың коммуналдық меншігіне өтеді, тиісті механизм әзірленуде», - дейді Сапар Нұрашев. 



Басқарма басшысы Наурызбай ауданының Таусамалы және Ақжар шағынаудандарында әрқайсысы 120 орындық екі балабақша салынғанын атап өтті. Сондай-ақ, Әлеуметтік қызметтер үйінің (Достық даңғылы, 85), Балалардың әлеуметтік бейімделу орталығының, №23, 71, 186 күндізгі балабақшалардың, №81 мектептің және №6 емхананы сейсмикалық күшейту және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Тұрғынүй #нұрашев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика