Алматыда қолайсыз ауа райына қатысты ескерту жарияланды

Алматыда қолайсыз ауа райына қатысты ескерту жарияланды сурет:nur.kz

Алматы ауасында азот диоксиді екі есеге артқан.


Алматылықтарға 3 қаңтарда болатын қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы ескертілді. Алматыда ауаның ластану деңгейі жоғарылауы мүмкін, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.


Алматыда көшпелі бұлт болады, кейін жауын-шашын жауып, қар жауады. Оңтүстік-батыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 0-2 градусқа дейін көтеріледі.



«3 қаңтардан 4 қаңтарға қараған түні метеорологиялық жағдай қаладағы атмосферада лас заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы, қалада ауаның ластану деңгейінің жоғарылайды», - деп хабарлады "Қазгидромет" өкілдері.



Синоптиктер 2 қаңтарда Алматы ауасында азот диоксиді екі есеге артқанын айтты.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:45

12:26

12:14

12:01

11:51

11:35

11:33

11:20

11:15

11:10

11:00

10:43

10:35

10:21

10:14

10:10

10:00

09:50

09:40

09:19

09:02

08:49

08:23

08:12

19:29