Алматыда қоғамдық ұйымдар мен мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен ауқымды сенбілік өтті

Алматыда қоғамдық ұйымдар мен мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен ауқымды сенбілік өтті Қ.Қонысбаев

Ауқымы жағынан ең ірі сенбілік Наурызбай ауданында өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Рахат» шағынауданындағы саябаққа қаланың мәслихат депутаттары, мәдениет өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты.

Сенбілікке қатысқан Алматы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков Наурызбай ауданының тұрғындарына және бей-жай қарамайтын қала тұрғындарына үндеу жасады.

– Бұл өзгеріс қаланың тазалығы мен экологиялық жағдайына ғана емес, бүкіл қоғамдық мәдениетімізге әсер етеді. Мұндай игі істер дәстүрге айналуға тиіс. Ортақ үйімізді таза ұстайық, – деп әкімнің орынбасары сенбілікке қатысқан тұрғындарға ризашылығын білдірді.

Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Ермек Қожамсүгіров қала тазалығының маңызымен қатар, мұндай шаралар алматылықтарды ортақ мақсатқа жұмылдыратынын атап өтті.

 

– Мұндай сенбіліктер тұрақты түрде өткізіліп тұрса, ол қоғамның бірігуіне үлкен септігін тигізеді. Қала тұрғындары депутаттар мен белсенділердің бірге жүргенін көргенде, өздері де үлгі алады, – деді қоғам қайраткері.

Сенбілікке мәдениет саласының өкілдері де белсенді қатысып, үлес қосты. Қазақ мемлекеттік циркінің қызметкерлері ұжым болып жиналып, саябақ аумағын тазалауға атсалысты.

– «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында біз бұған дейін Алматы циркі аумағын абаттандырып, кейін «Алматы Арена» маңындағы сенбілікке қатыстық. Бүгін 30-ға жуық әріптесіміз Наурызбай ауданында жұмыс істеп жатыр. Әрбір алматылық айналасын таза ұстауға атсалысса, қоғамда бейберекет қоқыс тастау азаяды, – деді Қазақ мемлекеттік циркінің шығармашылық даму жөніндегі директорының орынбасары Нұрлан Алтаев.

 

 

– Сенбіліктер әр үйдің жанында, әр шағынауданда өтіп жатыр. Мен бұл жерге әріптестеріммен бірге болу үшін келдім. «Таза Қазақстан» ең алдымен отбасыдан, үйден басталады. Үй мен аула, қоғамдық кеңістік таза болса – адамның жан дүниесі де тазарады, – деді мәдениет қайраткері Бейбітгүл Нұрымқожина.

– Алматы менің 50 жылдан астам өмірім өткен сүйікті қалам. Бұл қала мен үшін ерекше. Ауламызды әрдайым таза ұстауға тырысамыз. Бүгін достарыммен бірге қоғамдық орынды тазалауға келдік, – деді Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Амантай Берғалиев.

Сенбілікке Атыраудан келген композитор, өз қаласының әнұранының авторы Болат Кохаманов та қатысты:

 

 

– Мен де Алматының тазалығына үлес қосуды жөн көрдім. Атырауда да біз, облыстық филармония қызметкерлері, үнемі сенбіліктерге қатысамыз, – деді мегаполис қонағы.

Сенбілікке Алматыдағы түрлі этномәдени орталық өкілдері де белсенді қатысты.

 

Бүгін қаламызда экологиялық акция өтіп жатыр.Жастар белсенді қатысуы тиіс деп ойлаймын. Әрадам өзінен бастаса, айналасын тазаласамегаполисте өмір сүру әлдеқайда жеңіл болады, – деді дүнген этномәдени орталығы «ShinSyn»-ніңжастар қанатының өкілі Адам Тетянкуев. Ол бірнеше ондаған серіктесімен келді.

Сенбілік соңында мәдениет қайраткерлері тұрғындар мен қатысушыларға арналған шағын концерт ұйымдастырды.

Қаланың барлық ауданында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді

Алмалы ауданында сенбілікке 550-ден астам адам, 15 техника қатысып, 120 м³ қоқыс шығарылды.

Ағаштар санитарлық мақсатта кесіліп, жаяу жүргіншілер аймақтары мен қоғамдық кеңістіктер тазартылды. Назарбаев – Абай – Розыбакиев – Шевченко көшелері аралығындағы аллея мен «Биокомбинат» сквері ретке келтірілді. Медициналық, білім беру және бизнес нысандарының аумағы тазаланды. Үлкен Алматы өзенінің жағалауы да жинастырылды.

Әуезов ауданында 1300-ге жуық адам, оның ішінде әкімдік қызметкерлері, жастар, тұрғындар мен мердігер ұйым өкілдері қатысты.

«Алтын бесік» шағынауданындағы саябақта қоқыс жинау, ағаштарды әктеу, орындықтарды сырлау, Төле би көшесінің соңына дейінгі учаскеде тазалық жұмыстары жүргізілді. 400 м³-тан астам қоқыс шығарылды, 23 арнайы техника жұмылдырылды.Бұдан кейін Трудовая және Жексенбаева көшелері бойымен Төле би көшесінің соңына дейін сенбілік жалғасты. 400 м³ қоқыс жиналды. 23 арнайы техника тартылды.

 

Әуезов ауданы көріктендіру бөлімінің басшысыНұрлан Омаровтың айтуынша, демалыс күні мен аптап ыстыққа қарамастан, тұрғындар сенбіліккеқатысты:

-Бүгін Әуезов ауданында бүгін көшелер мен жекелеген аумақтарды тазартуға шамамен 1300 адам қатысты. Бұл тұрғындар, әкімдік аппаратының қызметкерлері, коммуналдық қызмет өкілдері, белсенділер мен жастар. 23 арнайы техника бірлігі 400 текше метрге дейін қоқыс жинап, шығаруға көмектесті.

Бірнеше сағат ішінде қоқыс жинау, өсімдіктерді шабу, санитарлық мақсатта ағаш кесу және көшеттерді суару, жасыл аймақтарды арамшөптен тазарту, тротуарларды жуу және арықтарды тазарту, көлемді қоқысты шығару сияқты жұмыстар атқарылды. Қала бойынша өткен сенбілікке қатысқан азаматтардың ауызбіршілігі алматылықтарға сүйікті қаламызды таза ұстау – бәріміздің ортақ міндетіміз екенін еске салады деп сенеміз.

Мердігер ұйымдардың бірінің қызметкері Сейдахмет Бекбергенов азаматтардың бірлескен күш-жігерімен ғана көшелеріміз бен скверлерде тазалыққа қол жеткізуге болатынын атап өтті:

- Біз маусымдық жұмыстарға әрқашан үлгермейміз, сондықтан Әуезов ауданының әкімдігі мен тұрғындарына осы сквер мен оның маңындағы аумақтарды көркейтуге үлес қосқаны үшін алғысымызды білдіреміз, – деді

Алатау ауданында да қоғам белсенділері мен мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен сенбілік өтті.

Мұхаммед Айтжанов соңғы аялдама маңында кейбір азаматтардың тұрмыстық қалдықты бейберекет тастайтынына алаңдаушылық білдірді:

– Қалқаманға баратын көше бойы жабайы қоқыс үйіндісіне айналып кеткен, бүгін біз оны тазалаймыз. Мұны көрген тұрғындар тиісті қорытынды шығарып, бұл орын болашақта әлдеқайда таза болады деп үміттенемін. Мұндай сенбіліктерде ең алдымен жастарға және өсіп келе жатқан ұрпаққа өз тұратын жерін сүю – тек әдемі сөз емес, нақты әрекет екенін түсіндіру өте маңызды. Қаламыз Алматыда кей жерде емес, барлық аумақта тазалық болуы үшін әр азамат үлесін қосуға тиіс.

 

Үш сағатқа созылған тазалау шараларынан кейін, қатысушылар Алматының көркейтуге қосқан үлесіне риза болып, үйіне тарқасты.


«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Бостандық ауданында кең ауқымды тазалық және көркейту акциясы өтті.

Қазақфильм шағынауданындағы Вишневая көшесінің бос аумағы тазартылды. Жұмысқа коммуналдық қызметтер, Бостандық ауданы әкімдігі аппаратының қызметкерлері, Бостандық комьюнити-орталығының жастары қатысты.

Іс-шараға бизнес өкілдері, кәсіпкерлер, медицина мекемелері, мектептер мен балабақшалар да белсенді түрде атсалысты.

Нәтижесінде: ағаш бұтақтары кесіліп, жаяу жүргінші аймақтары мен қоғамдық кеңістіктер тазаланды, жасыл аймақтарға тәртіп орнатылды, 250 текше метрден астам қоқыс шығарылды.

Жалпы, аудандық экоакцияға 1470-тен астам адам қатысты, 23 техника бірлігі жұмылдырылды.

Медеу ауданында тазалық жүргізілген аумақтар: Алатау шағынауданы, Ибрагимов көшесі, Таулы Қырат шағынауданы және Жамақаев көшесі.
Барлығы 283 адам қатысып, 210 текше метр қоқыс шығарылды. 25 техника бірлігі жұмыс істеді.

Атқарылған жұмыстар: санитарлық тазалау, ағаштарды кесу, шөп шабу, орындықтар, қоқыс жәшіктері мен қоршауларды сырлау, арық жүйесін тазарту.

Сенбілік аясында тұрғындарға арналған қоқысты бөлек жинау бойынша интерактивті конкурс, коммуналдық қызметтердің қатысуымен таңғы жаттығу және флешмоб өткізілді.

Түрксіб ауданындағы «Қайрат» ықшамауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасына сәйкес жергілікті сенбілік ұйымдастырылды.
Барлық аумақта кешенді санитарлық тазалық жүргізілді, соның ішінде:

- көшелер мен тротуарларды жуу
- жасыл желекті шабу,
- арықтарды тазарту,
- жасыл аймақтардағы проблемалы жерлерді тегістеу,
- құрылыс қалдықтары мен бұтақтарды, кездейсоқ қоқысты жинау және шығару.

Дәулеткерей көшесі мен 18-ші көшеге ерекше назар аударылды. Жұмысқа коммуналдық қызметтер мен әкімдік қызметкерлері қатысып, 195 адам жұмылдырылды.

 

Іс-шараларға аудан аумағындағы медицина мекемелері, жеке ұйымдар мен құрылыскомпаниялары да атсалысты.

Атқарылған жұмыстарға: ағаштарды санитарлық мақсатта кесу және жол белгілерінің көрінуін қамтамасыз ету үшін жасыл желектердің сабағын көтеру,
жаяу жүргінші жолдары мен қоғамдық аумақтарды тазарту, жолақтардағы жасыл аймақтарды тегістеу, арық жүйесін кешенді тазарту және жиналған қоқысты шығару, 110 текше метрден астам қоқыс шығарылды.
Сенбілікке жалпы 1345 адам қатысты, 14 техника бірлігі жұмылдырылды.

Жетісу ауданында өткен акцияға 200 адам қатысып, 234 текше метр қоқыс шығарылды.

 

Жұмысқа 20 арнайы техника тартылып, шөп шабу, қоқыс жинау, ағаш сабағын көтеру, сыпыру, ағаштарды қалыпты кесу, жаяу жүргінші жолдарын жуу сынды жұмыстар істелді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:56

17:15

15:54

15:18

14:46

14:10

13:00

12:35

11:17

11:00

10:49

19:43

18:58

17:38

17:10

16:16

16:08

16:04

16:02

15:53

15:05

14:42

14:13

14:05

13:28