AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда қоғамдық тамақтану саласының кәсіпкерлері...

Алматыда қоғамдық тамақтану саласының кәсіпкерлеріне экологиялық талаптар түсіндірілді

Алматы Бүгін 11:10 67 yakiya
Алматыда қоғамдық тамақтану саласының кәсіпкерлеріне экологиялық талаптар түсіндірілді
Алматы әкімдігі

Алматыда қоғамдық тамақтану саласының кәсіпкерлеріне экологиялық талаптар түсіндірілді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыдағы «Атамекен» ҰКП алаңында қоғамдық тамақтану саласының кәсіпкерлерімен кеңес өтті. Кездесуді «Eco Almaty» ЖШС мен «Атамекен» ҰКП бірлесіп ұйымдастырды. Жиын қаладағы экологиялық талаптарды және оларды тәжірибеде енгізу мәселелерін талқылауға арналды.

Әсіресе, бизнес өкілдерімен ашық диалогқа назар аударылды. Дәмхана мен мейрамхана өкілдеріне атмосфералық ауаны қорғауға қатысты қолданыстағы талаптар түсіндіріліп, кәсіпкерлердің оларға қалай бейімделе алатыны айтылды. Атап айтқанда, экологиялық таза отын түрлеріне көшу және зиянды шығарындыларды тазарту жүйелерін орнату мәселелері көтерілді.

Кәсіпкерлер өз кезегінде талаптарды енгізу барысында туындайтын сұрақтар мен қиындықтарын ортаға салды. Кездесу барысында нақты жағдайлар мен оларды шешу жолдары талқыланды.

«Eco Almaty» ЖШС өкілдері бизнеспен жұмыс тұрақты диалог негізінде жүргізілетінін атап өтті. Экологиялық нормаларды сақтау ғана емес, кәсіпкерлердің мүмкіндіктерін ескере отырып, ортақ шешімдер табу маңызды екені айтылды.

«Біздің міндетіміз – экологиялық талаптардың сақталуын бақылап қана қоймай, кәсіпкерлерге жаңа ережелерге бейімделуге көмектесу. Біз бизнес өкілдерін тыңдауға, туындаған түйткілдержі талқылауға және бірлесіп шешім іздеуге дайынбыз», — деді «Eco Almaty» ЖШС бас директоры Марат Сембеков.

Еске салсақ, атмосфералық ауаны қорғау ережелері Алматыдағы экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған. Құжатта газ тартылған аудандарда қатты және сұйық отынды пайдалануға тыйым салу, стационарлық ластаушы көздерге міндетті түрде шығарындыларды тазарту жүйелерін орнату және ауаның ластануын азайтуға бағытталған өзге де шаралар қарастырылған.

2025 жылы 27 қарашадан бастап «Eco Almaty» ЖШС шағын және орта бизнес субъектілері арасында ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Бүгінде 2100-ден астам ШОБ нысаны тексерілген. Олардың қатарында техникалық қызмет көрсету станциялары, қоғамдық тамақтану орындары және монша кешендері бар. Тексеру барысында қатты отын пайдаланатын 760 нысан анықталып, шамамен 110 кәсіпорын шығарындыларды тазарту жүйелерін орнатқан.

Кәсіпкерлермен өзара іс-қимыл және экологиялық стандарттарды енгізу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тамақтану
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы цифрландырудың елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі фактор екенін айтты

Бүгін 20:14

Мемлекет басшысы Еуразиялық көлік дәліздерін цифрландырудың маңызын атап өтті

Бүгін 20:06

Тоқаев ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Бүгін 20:03

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөйледі

Бүгін 18:18

Алматыда «Қазақстанның қолжазба мұрасы: сақтау, зерттеу және цифрлық гуманитаристика» атты халықаралық конференция өтеді

Бүгін 18:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);