AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда қоғамдық көлікпен жүру қаржы жағынан тиі...

Алматыда қоғамдық көлікпен жүру қаржы жағынан тиімді

Әлеумет 27.12.2023, 06:51 996
Алматыда  қоғамдық көлікпен жүру қаржы жағынан тиімді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда 4 шақырымнан алыс жолға шыққанда қоғамдық көлікпен жүру жеке автокөлікке қарағанда қаржы жағынан тиімді



Бүгін Алматыда мегаполис әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен әзірленген 2030 жылға дейінгі қаланың көлік қаңқасының шебер-жоспарының тұсауы кесілді. «Алматыбасжоспар» шебер-жоспарын әзірлеушілер мен кешенді көлік жобаларын іске асыру саласындағы сарапшылар зерттеу барысында анықталған қоғамдық көліктің негізгі мәселелерін айтып, оларды шешу бойынша ұсыныстар әзірледі. Атап айтқанда, мониторинг нәтижелері көрсеткендей: қоғамдық көлік салыстырмалы қаржылық қолжетімділікке қарамастан, алматылықтар арасында танымал емес. Мұның бір себебі қарбалас уақытта автобустар мен троллейбустардың жолаушыларға толып кетуі. Бұл ретте, Алматыда қоғамдық көлікте жүруге арналған ай сайынғы шығынның үлесі жалақының 2%. Зерттеу көрсеткендей, автобустармен, троллейбустармен және метромен жүру 4 км-ден астам жолға шыққанда жеке көлікке қарағанда қаржылық жағынан тиімдірек.



Қолданыстағы мәселелерді шешу үшін BRT, LRT және метро сияқты жедел қоғамдық көлікті дамыту ұсынылады. Бұл қаланың тұрғын аудандарының төрттен үш бөлігін қамтуға мүмкіндік береді. Қаланың қалған бөліктеріне тұрғындарға 10-15 минут ішінде жақын маңдағы жедел көлік аялдамасына жетуге мүмкіндік беретін тасымалдау маршруттарын іске қосу жоспарланып отыр.


Көлік қаңқасын енгізу 2024 жылы Райымбек даңғылын абаттандыру және арнайы көлік желісін құрудан басталатыны белгілі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #көлік #қаржы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кітап оқудың маңызы зор

Бүгін 17:28

Қазақстанның төрт боксшысы Әлем кубогі финалына шықты

Бүгін 15:44

Ақтауда екі жұмысшы тұз қышқылынан күйіп қалды

Бүгін 14:43

Трамп қатысқан қабылдауда қарулы адам шабуыл жасады

Бүгін 12:24

Жексенбіде еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 11:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика