AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Қазавиаорманқорғау» 2024 жылы орман өртт...

Алматыда «Қазавиаорманқорғау» 2024 жылы орман өрттерінің 93%-ын сөндірді

Әлеумет 26.02.2025, 12:03 879
Алматыда «Қазавиаорманқорғау» 2024 жылы орман өрттерінің 93%-ын сөндірді
Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда және жалпы Қазақстанда орман алқаптарын өрттен қорғау бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. «Қазавиаорманқорғау» РМҚК деректеріне сәйкес, 2024 жылы соңғы 10 жылдағы орман өрті қаупінің ең төменгі деңгейі тіркелді. Бұл қолайлы ауа райы жағдайлары мен авиациялық қызметтің тиімді жұмысының нәтижесінен мүмкін болды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында мекеменің бас директоры Марлен Айнабеков мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Біздің басты міндетіміз – өртті уақтылы анықтау және оны тез арада жою. 2024 жылы біз 218 өрттің 120-сын анықтадық. Авиациялық және жерүсті қызметтерінің үйлесімді жұмысының арқасында қысқа мерзімде өрттің 93%-ы жедел сөндірілді», – деп атап өтті бас директор.

Оның айтуынша, қызметті жаңғырту аясында ескі техникалар толықтай жаңартылды. Өрт сөндіру жүйелерімен жабдықталған заманауи ЕС-145, АН-125, H-130 тікұшақтары пайдалануға берілді.

Бұдан бөлек, 2025 жылы бөлімшелерге өртті тиімді сөндіруге мүмкіндік беретін инновациялық SFP (Stop Fire Plus – Concentrate) өртке қарсы қоспасы жеткізілмек.

Спикер сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын ерекше атап өтті. Қазақстан Азия орман секторындағы ынтымақтастық ұйымы (AFoCO) бағдарламасына белсенді қатысып, Франция, Канада, Оңтүстік Корея және Таиландтың жетекші мамандарынан кәсіби дайындықтан өтуде

Телеграм арнаға жазылыңыз
#«Қазавиаорманқорғау» РМҚК #өрттен қорғау #ЕС-145 #АН-125 #H-130 тікұшақтары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда дәрігерлер инсульт алған науқастарды, тіпті терең қарттық шағында да аман алып қалуда

Бүгін 18:03

Алматы қаласында Белсенді ұзақ өмір орталықтары арасында қалалық үстел теннисі турнирі өтті

Бүгін 17:58

Алматыда Саин көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 17:22

Алматыда Алатау даңғылының аумақтарында көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 17:20

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Брусиловский көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 17:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);