AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда QAZAQVISION форумы өтті

Алматыда QAZAQVISION форумы өтті

Әлеумет 28.05.2025, 17:25 839 Bakyt
Алматыда QAZAQVISION форумы өтті
Суреттерді түсірген - Қ.Қоныспаев

Бастапқы және танымал блогерлер интернеттегі қазақ тіліндегі контентті қалай жасау және ілгерілету жайын талқылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Форумды Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасына қарасты қоғамдық даму орталығы ұйымдастырды. Бір алаңда шығармашылық қауым мен медиаиндустрия мамандары бас қосты. Сарапшылар қазақ тіліндегі қызықты әрі сапалы контенттің танымал интернет алаңдарында жетіспеуі мәселесін көтерді.

– Бүгінде мемлекеттік тілде жазылған посттар мен видеороликтер әлеуметтік желілерде жиі шыға бастады, расында да жақсы контент бар, бірақ әлі де аз. Көптеген тақырыптар бос тұр. Бұны өзгерту үшін тек айту емес, нақты әрекет қажет. Сондықтан біз QAZAQVISION форумын ұйымдастыруды ұйғардық. Бұл форум қазақ тілінде сапалы контент жасағысы келетіндерді және сала мамандарын біріктірді, – деді шара ұйымдастырушысы Дамир Ыскақ.

Форум алдында Instagram желісінде қазақтілді контентке арналған бейнероликтер байқауы өткізілді. Ұйымдастырушылар ыңғайлы болу үшін нақты тақырып – ұлттық салт-дәстүрлерді белгіледі. Байқауға 96 жұмыс келіп түсті. Арнайы комиссия олардың ішінен үздік алты видеоны іріктеп, авторларға ақшалай сыйлықтар табыстады. Жалпы жүлде қоры екі миллион теңгеге жуық болды.

– Болашақта бұл байқауға қатысушылар санын көбейтуді, оны тек Instagram-да емес, TikTok-та да өткізуді жоспарлап отырмыз. Біз бұл байқаудың тұрақты жобаға айналғанын қалаймыз, – деді Дамир Ыскақ.

Байқау жеңімпаздарының бірі – сырға салу дәстүріне арналған видеоролик түсірген блогер Ақжарқын Керімбекова болды.

– Бұл – кішкентай кезден әрбір қыз бала армандайтын, өте әдемі қазақтың дәстүрі. Бейнежазбада менің сегіз жастағы сіңілім түсті. Ол қуана келісті. Мен блог жүргізіп жүргеніме екі жыл болды. Контентім негізінен бьюти индустрия тақырыбына арналады. Қыздарымыз әрдайым әдемі жүрсе екен деймін. Әлеуметтік тақырыптағы роликтерім де бар. Қазір 38 мың жазылушым бар, болашақта көбейеді деп үміттенемін. Осындай байқаулар өте үлкен мотивация береді, – дейді Ақжарқын.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қазақ тілі #блогер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);