AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда Қазақстан мен Қырғызстанның кинологиялық...

Алматыда Қазақстан мен Қырғызстанның кинологиялық қызметтерінің арнайы оқу-жаттығуы аяқталды

Заң мен тəртіп 22.09.2023, 06:09 948
Алматыда Қазақстан мен Қырғызстанның кинологиялық қызметтерінің арнайы оқу-жаттығуы аяқталды
Сурет: Polisia.kz

“Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының” 71-тармағын орындау мақсатында ІІМ Кинологиялық орталағының базасында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің “Канал-Перехват” ауқымды халықаралық есірткіге қарсы операциясы шеңберінде екі елдің кинолог-мамандарының бірлескен оқу-жаттығулары өткізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Polisia.kz мәліметінше, бұл операция есірткінің трансұлттық заңсыз айналымының алдын алуға, есірткі контрабандасының арналарын жабу бойынша практикалық міндеттерді шешуге, есірткі бизнесінің экономикалық негіздеріне нұқсан келтіруге, оның ішінде есірткі табыстарын заңдастыруға бағытталған.


Оқу-жаттығу барысында кинолог-мамандар оқытудың озық тәжірибесін енгізу және қызметтік-іздестіру иттерін үйрету, төртаяқты көмекшілерді есірткі іздеуден бастап, қылмыс орындарында сақталған иістермен жұмыс істеуге дейінгі түрлі жедел міндеттерде практикалық қолдану бойынша тәжірибе алмасты. Кинологиялық қызметтердің синтетикалық есірткі, героин және марихуананы анықтауға қатысуына ерекше назар аударылды.


Кинологтар мен қызметтік иттердің практикалық сабақтары “Қазпошта” АҚ базасында өткізілді. Мұнда пошта жөнелтілімдерін, оларда есірткі бар-жоғын зерттеу тактикасы пысықталды. Оқу-жаттығуға қатысушылар мен “Канал-Перехват” арнайы операциясына қатысушы мемлекеттердің өкілдері қазақстандық кинологтардың иттерді синтетикалық есірткілерді іздеуге үйретудегі жетістіктерін атап өтті. Бұл біздің мамандардан негізгі заттың химиялық формуласы өзгерген кезде де әмбебап болып табылатын және өзгермейтін есірткінің иіс имитаторларын іздеу бойынша жеке әдістемені әзірлеуді талап етті.


Оқу-жаттығу барысында екі мемлекеттің кинологтары қарулы қылмыскерлерді қиын жағдайда ұстау бойынша жаттықты. Жиынға қатысушылар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтері арасындағы тікелей байланыстарды нығайтуға, тиісті халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік алды. 2023 жылы ІІМ Кинологиялық орталығының қызметтік иттері синтетикалық есірткілерді іздеуге үйретілді. Орталықта еліміздің әр аймағынан 100-ге жуық маман қызметтік иттерімен бірге оқытудан өтті. Полицияда жұмыс істеу үшін  27 күшік өсірілді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қазақстан #қырғызстан #кинология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Кеше 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Кеше 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Кеше 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Кеше 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Кеше 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);