Алматыда «Қазақ тілі – қазығым» байқауы өтіп жатыр

Алматыда «Қазақ тілі – қазығым» байқауы өтіп жатыр Самат Құсайынов

«Алмалы» кітапханасында Қазақстан халқы тілдері күніне орай  Алматы қаласы  мектептеріндегі өзге ұлт оқушылары арасында «Қазақ тілі – қазығым» байқауы ұйымдастырылды.  Байқауға қазақ тілін еркін меңгерген өзге ұлт өкілдерінің 8-10 сынып аралығындағы мектеп оқушылары қатысты.  

- Бүгін Қазақстан халқы тілдері күніне орай Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесі «Қазақ тілі – қазығым» атты байқау ұйымдастырып отыр. Байқаудың мақсаты – қазақстандық этностардың мемлекеттік тілді меңгерген жас өкілдерін анықтау, қолдау және ынталандыру, мемлекеттік тілді насихаттау. Іс-шараға Алматы әр ауданынан келген 20-ға жуық оқушы қатысып жатыр, – деді әділқазылар алқасының мүшесі Балнұр Асқарқызы.

Сондай-ақ ол қазақ тіліне арналған байқаудың үш кезеңнен тұратынын атап өтті.

- Бірінші кезеңде оқушылар қазақ тілінде өздерін шығармашылық жағынан таныстырады. «Өнер алды қызыл тіл» деген екінші кезеңде қатысушылар қазақ ақын-жазушыларының туындысын жатқа айтып береді. Үшінші кезеңде берілген мақал-мәтелдерді толықтырып жазу керек. Жалпы байқау нәтижесі бойынша үш 3-орын, екі 2-орын, бір 1-орын алған қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталады, – деді Балнұр Асқарқызы.

«Қазақ тілі – қазығым» байқауына қатысқан Самуэль мемлекеттік тілді үш жылдан бері үйреніп жүргенін айтты.

- Менің жасым 13-те. Мен қазақ жерінде туылғам. Бірақ қазақ тілін үйреніп жүргеніме 3 жыл болды. Қазіргі дейін тілді біраз үйреніп қалдым. Бүгін Абай Құнанбайұлының шығармашылығын оқып, дайындалып келдім, – деді Самуэль Усорох.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
2
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21