Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда қарт адамға арналған ай қалай өтеді

Алматыда қарт адамға арналған ай қалай өтеді

Әлеумет 02.10.2023, 11:33 1,225
Алматыда қарт адамға арналған ай қалай өтеді
Сурет: ашық дереккөз

Алматыда Халықаралық қарттар күнін мерекелеу аясында Қарттар айлығы өтеді


3 қазан күні сағат 15:00-де Абылай хан көшесі, 83 (Қазақконцерт ғимараты) мекенжайы бойынша зейнеткерлерге арналған «Белсенді қариялар – қоғам қазынасы!» мерекелік концерті өтеді. Бағдарламада хор және би ұжымдарының, домбыра оркестрінің, спорттық көрсетілімдердің, жеке нөмірлердің қойылымдары бар. Сонымен қатар, шығармашылық жұмыстар мен қолөнер көрмесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


2023 жылы 6 қазанда сағат 13:00-де Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағының жанында, Гоголь көшесі, 40 мекенжайында орналасқан «Жұлдыз» мейрамханасында ардагерлермен кездесу ұйымдастырады. Онда концерт қойылып, сыйлықтар табысталады.


Бұған қоса, «Алматы қаласының белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ қазан айы бойы:



2-31 қазан – «Шеберлер» сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесін (ОАА фойесі);


11 қазан – «Агрокраудсорсинг» жобасы бойынша «Егін мерекесі» (Алматы облысы, Ават кенті);


апта сайын – экскурсиялар, музейлер аралау ұйымдастырады;


24 қазан - скандинавиялық жүріс фестивалі.



Әрбір іс-шарада ең белсенді, талантты зейнеткерлер, шығармашылық ұжымдар мен спорттық командалар анықталады. Оларға арнайы грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілетін болады. 


Сонымен қатар, Халықаралық қарттар күнін тойлау аясында Алматыда қариялармен кездесулер ұйымдастырылады. Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, еңбек майдангерлерін үйлеріне барып құттықтайды. Әрі олар үшін «Алатау» дәстүрлі өнер театрында мәдени-ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Соғыс ардагерлері мен еңбек майдангерлеріне әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер бойынша көмек көрсетіледі. Жалғызбасты қарттарға көмек ретінде қайырымдылық акциялары өткізіледі.


Медициналық-әлеуметтік мекемелерде қарттарға арнап қазақстандық эстрада жұлдыздары ән салып, цирк әртістері өнер көрсетеді, мерекелік түскі ас ұйымдастырылады. Сонымен бірге қаланың медициналық мекемелерінде тар бейіндегі медицина қызметкерлерін тарта отырып, қарт азаматтар үшін «Ашық есік күндері» өтеді. Соғыс және еңбек ардагерлеріне стоматологиялық көмек көрсетіледі. Ол үшін азаматтардың осы санаттарына тұрғылықты жері бойынша аудандық емханалар жүгіну қажет. Ал мобильді емес зейнеткерлер үшін кешенді бригадалар үйде медициналық тексеру жүргізеді.


Орта арнаулы және жоғары оқу орындарында соғыс және еңбек ардагерлерінің қатысуымен кездесулер, конференциялар, дөңгелек үстелдер, ашық сабақтар, театрландырылған қойылымдар, акциялар және басқа да іс-шаралар өткізіледі. Қала мектептерінде қарттар күніне арналған «Мейірімділік пен қайырымдылық сабағы» тәрбиелік іс-шарасы өтеді.


Естеріңізге сала кетейік, Алматыда 01.10.2023 жағдай бойынша 239 703 зейнеткер бар, 51ҰОС-ның  ардагері, 7 590 еңбек майдангері, сонымен қатар, өзге мемлекеттердің аумағында 2 985 жауынгерлік іс-қимыл жасаған ардагері тұрады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қарт #мереке #адам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика