AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Қазақстан мен Өзбекстан хореография өнерін оқыту б...

Қазақстан мен Өзбекстан хореография өнерін оқыту бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Мәдениет Бүгін 09:31 40
Қазақстан мен Өзбекстан хореография өнерін оқыту бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Келісімге сәйкес, студенттер мен магистранттар алмасып оқуға, тағылымдамадан және тәжірибеден өтуге мүмкіндік алады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ташкентте өтіп жатқан Орталық Азия халықаралық білім беру форумы аясында Қазақ ұлттық хореография академиясы мен Өзбекстан мемлекеттік өнер және мәдениет институты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжат Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры, профессор Бибігүл Нүсіпжанова өткізген екіжақты кездесулердің қорытындысы бойынша қабылданды. Меморандум екі елдің мәдениет, өнер, ғылым және білім салаларындағы байланысын нығайтуды көздейді.

Келісімге сәйкес, студенттер мен магистранттар алмасып оқуға, тағылымдамадан және тәжірибеден өтуге мүмкіндік алады. Оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту, екі елдің жетекші мамандарын дәріс оқуға және шеберлік сабақтарын өткізуге шақыру да қарастырылған.

Тараптар шығармашылық және ғылыми-зерттеу жобаларын бірлесіп қолға алуға, конференциялар, семинарлар мен біліктілікті арттыру курстарын өткізуге келісті. Сондай-ақ оқу-әдістемелік материалдар мен ғылыми жарияланымдар алмасу жөнінде уағдаласты.

Орталық Азия халықаралық білім беру форумы 2026 жылғы 27-29 қазан аралығында Ташкентте өтеді. Оған өңір елдерінің бейінді мемлекеттік органдары мен жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері қатысып жатыр. Форум жоғары оқу орындары арасындағы әріптестікті дамытуға және Орталық Азия елдерінің білім саласындағы байланысын нығайтуға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қарасай батыр көшесінің бойында біртұтас жүргіншілер аймағы жасалып жатыр

Бүгін 10:23

Ұлттық дәстүрден заманауи дизайнға дейін: Алматыда қолөнершілер жәрмеңкесі өтеді

Бүгін 10:20

«Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысушылар оқыған шығармалары туралы 40 мыңнан астам бейнепікір жариялады

Бүгін 10:05

Зейнеп Баянова - Астанадағы әлем чемпионатының қола жүлдегері

Бүгін 09:03

Қазақстан мен Түркия президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Кеше 23:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);