Алматыда қар тазалау жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде

Алматыда қар тазалау жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда бүгін таңғы 8:00-ден бастап қар жауа бастады. "Қазгидромет" мәліметінше, қар кешкі 21:00-ге дейін жалғасады, ал оның қалыңдығы 9 мм-ге дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы күндіз шамамен 0°C, түнде -9...-11°C аралығында болады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қала көшелерін қардан тазалауға 603 арнайы техника мен 1 034 жұмысшы жұмылдырылды. Жолдарды мұзға қарсы материалдармен өңдеу үшін 130 құмшашқыш техника, оның ішінде «Эпока» және «Джетбрум» сияқты құралдар пайдаланылуда. Әсіресе, таулы аймақтар мен Әл-Фараби даңғылынан оңтүстікке қарай орналасқан аудандарға ерекше назар аударылып, 28 арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, 70 шағын техника тротуарлар, қоғамдық көлік аялдамалары және автотұрақтарды қардан тазалауға жұмылдырылды.

15-16 желтоқсанда жауған қарды тазалау барысында түнгі уақытта магистральды көшелерден қарды жаппай шығару аяқталды. Соңғы төрт күн ішінде қала аумағынан 45 500 м³ қар шығарылды, жоспарланған жұмыс толық орындалды.

Қала тұрғындарына қауіпсіздік шараларын сақтап, жолдарда абай болу ескертілді. Сонымен қатар, қар тазалау жұмыстарына қосымша жүктеме түсірмеу үшін "Медеу" мұз айдыны мен "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортына баруды уақытша шегере тұру ұсынылады.

Коммуналдық қызметтер қала жолдарын қауіпсіз ету мақсатында күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. 21 желтоқсанда жауын-шашынсыз ауа райы күтіліп, температура күндіз -5...-7°C шамасында болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:26

16:49

16:23

15:56

15:09

14:40

14:17

13:18

12:44

12:08

11:44

11:12

10:40

10:00

00:14

23:33

23:15

19:28

18:05

17:32

16:55

16:23

15:48

15:14

14:47