AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда қанша ағаш отырғызылады

Алматыда қанша ағаш отырғызылады

Әлеумет 19.08.2021, 15:43 1,537
Алматыда қанша ағаш отырғызылады
almaty-akshamy.kz

Алматыда жасыл желек  көбейеді және бұл жай  «жасыл аралдар» ғана емес, нағыз жасыл алаңдар мен саябақтар болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында қалалық Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская мәлімдеді деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



Ағаш отырғызу «Жасыл Алматы» бағдарламасы аясында жүргізілуде. Наталья Ливинская атап өткендей, ауқымды абаттандыру жұмыстарымен қатар, көгалдандыру саясатының өзі түбегейлі өзгерді.



 «Біз бақылаусыз отырғызудан ағаш күтіміне, жасыл қорды сауықтыруға және биоәртүрлілікті сақтауға көштік. Алматының жасыл желектерін суландыру үшін жаңа скважиналар салынды, суармалы арық торабына инвентаризация жүргізілді, суару жұмыстары күшейтілді», - деді Жасыл экономика басқармасының басшысы.



Наталья Ливинская қалада отырғызылған ағаштардың ауқымы климат пен топырақ құрамына байланысты ғылыми қауымдастықпен, ландшафт мамандарымен бірге іріктелетінін баса айтты.


Басқарма мамандарының мәліметінше, Алматыда 2,6 миллион ағаш бар, оның 23 пайызы әлсіреген күйде.


Наталья Ливинская «Жасыл Алматы» бағдарламасының орындалуы туралы егжей-тегжейлі айтып берді, мұндағы мақсат – жасыо желекті қалпына келтіру ғана емес, қаланың жасыл қорын дамыту.



 «Бағдарламаның арқасында қалада 480 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Биыл 350 мың ағаш отырғызу басталды, көктемде 64 мың ағаш отырғызылды. Негізгі отырғызу осы күзде жүргізілетін болады, себебі бұл маусым отырғызудың тіршілігі үшін ең қолайлы болып табылады», - деді басқарма басшысы.



Бұл ретте жасыл желектердің тізілімі қалыптасты, онда әр ағаштың электронды паспорты бар. Реестр жасыл қордың сапалық және сандық жағдайының есебін жүргізуге мүмкіндік береді. Жүйе сонымен қатар отырғызу алаңдарын, оның ішінде өтемақыны бақылауға мүмкіндік береді. Жүйе барлығына 2021 жылдың қыркүйегінен бастап басшылықтың ресми сайтында қолжетімді болады.


Сонымен қатар, ағаштарды сауықтандыру мен емдеу жұмыстары, зинякестер мен зеңге қарсы төрт рет биологиялық өңдеу  қатар жүргізілуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ағаш #Ливинская
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады

Бүгін 15:35

Депутаттар волонтерлік қызметті еңбек өтіліне енгізуді ұсынды

Бүгін 15:29

Мәжілісте депутат онлайн сауданың экологияға әсерін көтерді

Бүгін 15:22

Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Мемлекетінің Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті

Бүгін 14:29

Енді мемлекеттік қызметкерлер 4-ақ күн жұмыс істеуі мүмкін

Бүгін 14:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика