AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Қалқан» қысқы жасөспірімдер спартакиадас...

Алматыда «Қалқан» қысқы жасөспірімдер спартакиадасы басталды

Әлеумет 26.02.2024, 10:03 1,262
Алматыда «Қалқан» қысқы жасөспірімдер спартакиадасы басталды
Сурет: Gov.kz

Жарыс бағдарламасына президенттік көпсайыс жаттығулары, атап айтқанда жасөсіпірімдер үшін белтемірде тартылу, қыздар үшін шалқалап жатып денені көтеру, сондай-ақ үш шақырымдық шаңғы жарысы және пневматикалық мылтықтан оқ ату кіреді.


Іс-шараны ұйымдастыруға Қорғаныс министрлігінің Орталық спорт клубы, Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы және "Жас сарбаз" республикалық балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы мұрындық болды. Жарысқа қозғалыстың жалпы саны 45 тәрбиеленушісі еліміздің түкпір-түкпірінен күштік жаттығулардан, нысананы дәл көздеуден және жылдамдықтан бағын сынауға келді.


Ережеге сәйкес, спартакиада 14-17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 


Жарыстың салтанатты ашылуында жас сарбаздықтарға арнап Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Орталық спорт клубының бастығы полковник Арман Әбеуов, Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының бастығы Арман Әсенов, "Жас сарбаз" республикалық балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы майор Мейірбек Меңдіғалиев сөз сөйледі.



«Мұндай жарыстар жеткіншектерге шынығып, төзімділік пен көшбасшылық қасиеттерді дамытуға ықпал етеді. Бұдан өзге сайыс бірлікті көрсету және ұжымдық рухты қалыптастыру үшін тамаша мүмкіндік», – деп атап өтті полковник А. Әбеуов.



Жас сарбаздықтардың қысқы спартакиадасы үшінші жыл қатарынан өткізіліп жатыр. Бұл жолы оған 15 команда қатысуда. Командалық есепте жеңімпаздар спортшылардың жинаған ұпай санына қарай анықталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қалқан #Спартакиада
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Абай университетінің ғалымдары мектеп оқушыларына сабақ берді

Бүгін 18:07

Мемлекет басшысы D.A.R. Metall AG басқарма төрағасы Кристиан Артнерді қабылдады

Бүгін 17:45

Алматы мен Астана Орталық Азия және Каспий өңіріндегі жетекші қалалар қатарына енді

Бүгін 17:45

Мемлекет басшысы Wilo Group компаниялар тобының басқарма төрағасы Оливер Герместі қабылдады

Бүгін 17:15

Алматыда шығарындылары төмен аймақтың жұмыс тәртібі түсіндірілді

Бүгін 17:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);